Жаңалықтар. Оқиғалар

28 ақпан күні сағат 12-00-де Боровской кәсіптік-техникалық колледжінде біздің жерлесіміз, ақын Жолбарыс Баязидтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мәңгі, ал мен оған бір сәтпен....» атты портрет- сағаты өткізілді. 

21.02. 2019 ж. 14-00 сағатта Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында, кітапханашы Жунусова Л.Е. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» ақпараттық сағат өткізді. Латын әліпбиіне көшу барысында не ұтатынымыз туралы түсініктеме берді.

15.02.2019ж. 11.00 с. «Өткен Ауған ұмытылмас» кітап көрмесіне шолу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды. 

13.02. 16-00 с. «Атына заты лайық жан» атты ақпарат сағаты санаторлық мектеп-интернатында өткізілді , 29 адам қатысты. Ақпарат сағатқа мәдениет қызметкері Сәукенов Б. Д. қатысты, санаторлық мектеп-интернатының оқушыларын, ақын Лайық Тоқайұлының өміржолымен, шығармашылығымен таныстырдық. 

Аудандық кітапхана әлеуметтік желісте тіркелді. Енді «Одноклассники» желісінде біздің жекеменшік бөлік бар. Біздің бөлігімізге кіріңіздер – біздің жұмыспен танысыңыздар. Сауал қойыңыздар – біз міндетті түрде жауап береміз. Бізбенен дос болып, байланыста болуға шақырамыз!