Жаңалықтар. Оқиғалар

3 мамыр күні сағат 17-30-да кітапханашы Абдрашева З.К. Ғ. Жұмабаев атындағы мектептің интернатында «Ел сүйсінер ұлан бол» тақырыбында турнир өткізді. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырма берілді.

24 сәуір күні 18-30 с. орталық аудандық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ибраева Р.С. мен абонемент кітапханашысы Ерсултанова Г.М. «Жүректі қобалжытар өлеңдерім...» атты ақындық марафоның  өткізді. Бұл іс-шара біздің жерлесіміз, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының  лауреаты, Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы Жолбарыс Баязидтің 85 жасқа толуына арналған.  

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына 1027338,28 теңге сомасына 38 атауға,  мерзімді басылымдардың 444 жиынтығына жазылды.

2019 ж ылдың 6.03., с.15-00. орталық аудандық кітапханасының өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиет секторында аналарға арналған «Ана – өмір шуағы» атты зайырлы кеш өткізілді. Кешке «Алтын ұя» клубының мүшелері және көп балалы аналар қатысты. Зайырлы кеш өте қызықты өтті.

28 ақпан күні сағат 12-00-де Боровской кәсіптік-техникалық колледжінде біздің жерлесіміз, ақын Жолбарыс Баязидтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мәңгі, ал мен оған бір сәтпен....» атты портрет- сағаты өткізілді. 

21.02. 2019 ж. 14-00 сағатта Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында, кітапханашы Жунусова Л.Е. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» ақпараттық сағат өткізді. Латын әліпбиіне көшу барысында не ұтатынымыз туралы түсініктеме берді.

15.02.2019ж. 11.00 с. «Өткен Ауған ұмытылмас» кітап көрмесіне шолу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды.