Жаңалықтар. Оқиғалар

Қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа 2020 жылдың алғашқы күндерінде қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Р.С. Ыбраева, Г.В. Давыденко және З.К. Әбдірашева «Бірінші оқырман» акциясын өткізді. 

2019 жылдың екінші жартыжылдығына 1114489,24 теңге сомасына 39 атауға,  мерзімді басылымдардың 397 жиынтығына жазылды.

12 шілде күні, сағат 11-00-де Зұлқарнай Мұса қажы атындағы Меңдіқара аудандық мешітінің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы және мешітте дәріс алып жүрген балалар орталық аудандық кітапханаға келді.

17-22 маусым аралығында елімізде Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысынан тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елді басқарудың жоғары қызметінде 30-жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты тақырыптық апталық өтті.