09.09. 2017ж. «Шаңырағым - шаттығым» атты іс-шарамызды өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінде өткіздік.
Қонақтарға, кітапханашылар Жунусова Л.Е., Утетлеуова Р.С. отбасы туралы былай деп түсіктеме берді. Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы - барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Содан кейін Кұнслу апайға сөз бердік, отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленеді деп айтып берді. Кейін қонақтарымызды екі топқа бөлдік, бірінші топ «Қарлығаш», екінші топ «Жастар». Сұрақтар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар қойдық, мақал –мәтелдер оқылды. Өте тамаша жауап берді. «Қарлығаш» деген топ жеңіске жетті, сыйлыққа ие болді. Іс-шарамыздын аяғында қонақтарымызбен шай ішіп, отбасы туралы әңгімелесіп отырдық. 7.09.2017 ж. біздің іс-шарамыз Мешітте өтті. Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп оқушылары қатысты.
Жүргізушілер Жунусова Л.Е., Утетлеуова Р.С. оқушыларға Ислам дінін қалай түсінеміз, Пітір садақа не үшін берілетіні туралы Мешіттің имамы түсіндіретінін айтып өтті. Сөз кезегі имамға берілді Ісмаилов Қыдырбек Сапарұлы. Былай деп сөзін бастады; Ислам діні – таза, күшті, құдіретті дін. Өйткені Ислам діні –адамзат баласына тек жақсылыққа, ізгілікке, тазалыққа, имандылыққа, тура жолға салушы дін. Құран – қасиетті діндердің ең соңғысы болған мұсылмандардың құтты кітабы. Құран Мұхаммедке 23 жылда Жәбірейіл арқылы сүре-сүре, аят-аят болып түскен. Құран 114 сүре, 6600 аяттан тұрады.
Ал Пітір садақасына келетін болсақ.Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты - айттың бірінші күні. Бірақ бұл уақыттан бұрын немесе кейін беруге рұқсат етіледі. Пітірді айт күні айт намазына дейін беру - мұстахаб.
Пітір садақаны бір міскінге беру - уәжіп, екі немесе одан артық адамға бөліп беруге болмайды. Жамағатқа өз пітір садақасын бір кісіге беруге рұқсат. Пітір садақаны өз қалаңнан басқа қалаға апарып беруге болмайды, бірақ егер өз қалаңда міскіндер тойған болса, онда басқа қалаға барып пітір беруге етіледі. Басқа жерде кедей туысқаның болса да беруге болады.
Оқушылар Қыдырбек Сапарұлына сұрақтар қойды. Ол кісі оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Біздің «Тәтті шайдың шыны аяқы» атты іс-шарамызды кітапхананың қазақ тілі бөлімінде мүгедектерге өткіздік. Кітапханашылар Жунусова Л.Е., Утетлеуова Р.С Шайдың отаны-Қытай делінген. Шай-мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Шайды фарфор не фаянс шәйнекте шығарған жөн. Металл шәйнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды. Дұрыс қайнатылмаған шай тек пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды болады деп айтып берді.Содан кейін Гүлжиһан апай әң айтыпберді. Шай түрлері мен сорттары туралы , қалай қайнату керек екеннін Давыденко Г.В. айтып берді. Қонақтарымыз Ержанов Т.Н., Умирбаевы С.Ж.,және А.А., Бойко В., Ушакова Надежда әң орындап берді. Іс шарамыз шаймен аяқталды.
2017 жылдың 3 айы бойынша «Меңдіқара ОКЖ»
ММ-сінің жұмысы туралы ақпараттық есеп
Кітапхана желісіндегі өзгерістер. 2017 жылғы 20 қаңтардағы «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сінің №3 Бұйрығына сәйкес, елді мекендерде халық санының азаюына байланысты, 2017 жылдың 1 наурызынан бастап Ақсуат (Каменорал селолық округі), Алқау (Алешинка селолық округі), Қызылту (Буденнов селолық округі) және Никитинка (Сосна селолық округі) селолық кітапханалары жабылды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына 1069751,64 теңге сомасына кезеңдемелік басылымдардың473 жинағы, 41 атауы жазылды.
Әдістемелік жұмыс.
Жүйенің кітапханашыларына 5 жеке консультациялар берілді.
2017 жылдың 2 наурызында Орталық аудандық кітапханасында «Әлеуметтік серіктестіктің аумағы» Маман Күні өтті. Іс-шараға 38 кітапханашы, сондай-ақ БЖЗҚ маманы Э.И. Бекболатова, Орталық аудандық ауруханасының дәрігер-терапевті Д.М. Ахмедова қатысқан болатын.
Іс-шараның мақсаты - кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру, жылдың басты оқиғаларымен жабдықтандыру, кітапханалық қызметкерлердің кәсіби білімін жедел толтыру, жаңа серіктестік байланыстарды орнату.
2016 жыл бойынша жұмыстың қорытындыларын өткізе отырып, «Меңдіқара ОКЖ» ММ-сінің директоры Мендыбаева Ш.А. селолық кітапханалардың рейтингілерінің қорытындыларын айтты және үш жеңімпазды марапаттады: 3-ші орын - Сосна селолық модельдік кітапханасы (Қанжығалиева Г.А.), 2-ші орын - Степановка селолық модельдік кітапханасы (Рулёва Л.И.), «Ең жақсы селолық кітапхана» - Жангелді селолық кітапханасы (Аристанова Р.М.)
Есеп беру кезеңінде әртүрлі нысандағы 4 әдістемелік басылымдар басып шығарылған.
Инновациялар. Есеп беру кезеңінде «Меңдіқара ОКЖ» (қазақ және орыс тілдерінде) сайттарды және «Одноклассники» әлеуметтік сайтында ОАК-ның парақшасын сапалы толтыру бойынша жұмыс жалғасуда. Сайттың мәзіріне «Олардың құрметіне көшелер аталған» айдары қосылған болатын, онда адамдар туралы, олардың атымен селоның көшелері аталған, көшелерді қайта өзгерту туралы мәліметтерді, аудан орталығының ғимараттарына орнатылған мемориалдық тақталардың суреттерін табуға болады.
Аудан ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен серіктестік.
ОАК оқу залында Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің шығуының 28-жылдығына арналған «Ауғаныстан: жастығын жалын шарпыған» атты дөңгелек стөл өтті. Дөңгелек стөл жұмысына Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің «Қостанай облысының Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Шахкозов Д.М., «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұрабаев О.Қ., Мұса қажы Зұлқарнайұлы атындағы аудандық мешіттің бас имамы Исмайылов Қ.С., «Меңдіқара үні» аудандық газетінің бас редакторы Сабыров Ш.Б., Ауған соғысының ардагері А.В. Маскалов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, А.Шотаев атындағы Боровское орта мектебінің және Первомай орта мектебінің жоғарғы сыныптарының оқушылары, кәсіби - техникалық колледждің студенттері қатысқан болатын.
Кездесудің қатысушыларының назарына «Боль и надежды Афганистана» атты деректі фильмі ұсынылған болатын. Жастарға қазіргі күнгі террористерге, Ауғаныстандағы соғысқа исламның қатынасы туралы аудандық мешіттің бас имамы Қ.С. Исмайылов айтып берді. Іс-шараның жүргізушісі(Ерсұлтанова Г.М.) Ауғаныстанда қаза болған жауынгерлер-меңдіқаралықтар туралы презентацияны көрсетті. А. Шотаев атындағы мектептің 7 сынып оқушылары жауынгерлер - интернационалистерге арналған өлеңдерді оқып берді. Боровское орта мектебінің бастаушысы Н.А. Кущийдың және кәсіби - техникалық колледждің студенттерінің орындауында «Афганский вальс» және «Афган» әндері шырқалған болатын. Жауапты сөзбен ауған соғысының ардагері Маскалов А.В. сөз сөйледі. Ол Ауғаныстандағы әскери қызмет туралы әңгімелеп берді. Іс-шараның қатысушыларының назарына «Афганистан - наша память и боль» көрмесі ұсынылған болатын (абонемент кітапханашысы Шмыглова А.А.).
Іс-шара туралы «Меңдіқара үні» аудандық газетінде мақала жарияланған болатын.
Михайловка селолық модельдік кітапханасында әйгілі қазақ композиторы Құрманғазының шығармашылығына арналған «Музыка барлық уақыттарға» музыкалық сағаты өткізілді. Оқырмандармен кездесуге Құрманғазы шығармаларының ең үлкен қадірлеушісі және музыкант Михайловка МҮ-нің директоры Т.Б. Болатов шақырылған болатын. Күйлердің әйгілі авторы туралы әңгіме домбырада ойнаумен бірге болды.
Жобалық қызмет. Акциялар.
Жылдың бірінші жұмыс күнінде орталық аудандық кітапханасында «Бірінші оқырман» акциясы болып өтті. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі және кітапханашылар оқырмандардың салтанатты қайта тіркеуін өткізді, оларды ашық хат және тәтті тартуды ұсынумен, келген Жаңа Жылмен құттықтады. Осы жылы бірінші болып біздің тұрақты оқырмандарымыз Байтугелова В. С., Дюсекин Е.К., Стерхова Е. В. болды.
Балалар кітабының Апталығы – біздің оқырмандарымыз үшін ең керемет мереке. Орталық балалар кітапханасы осы Апталықты аудан орталығының мектептерінде өткізілген «Читайка и его друзья!» театрландырылған қойылыммен ашты. Кітап мерекесінде балаларды нағыз тосын сый: Кітап Патшайымымен (Үкенова Алтын, Темірбаева Наргиз) және сүйікті ертегі кейіпкерлерімен. барлық мереке бойы әдебиеттік және музыкалық байқауларға және сайыстарға белсенді қатысты. «Ең жақсы оқырман» және «Ең оқитын сынып» жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарына мадақтамалар табыс етілген болатын. Барлық Кітап апталығы бойы (24 наурыздан бастап 1 сәуір бойынша) оқу құмарлары үшін күнделікті әдебиет ойындары, байқаулар мен сайыстар өткізіледі. (іс-шараның басталуы 11.00 сағатта).
Кітапханашылар елеулі назарларын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне елдің дайындығы туралы халықты ақпараттандыруға бөледі. Введен селолық кітапханасында 8-10 сыныптардың оқушылары үшін «Болашақтың энергиясы» танымдық сағаты өткізілген. Буденнов селолық модельдік кітапханасында «Болашақтың энергиясы» ақпарат күні өткізілген. Алёшинка селолық кітапханасында «Біздің болашағымыздың энергиясы» шолу-навигатор өткізілген. Қарақоға селолық кітапханасында «Болашақтың энергиясы: Күн энергиясы, Жел энергиясы» қызықты хабарламалардың сағаты, Загаринка селолық кітапханасында - көрме жұмыс істеген уақытта Республика бойынша туристтік бағыттарға арналған «Астана EXPO-2017» сұхбаты, Боровское селолық кітапханасында – 7 сыныптардың оқушылары үшін «ЭКСПО-2017. Болашақтың энергиясы» танымдық сағаты, Долбушинка селолық кітапханасында – «Болашақтың энергиясы» қызықты хабарламалар сағаты өткізілген.
Халық арасында кітап пен оқып отырудың қозғалысы бойынша жұмыс жалғасуда.
Алғаш рет ОАК және ОБК кітапханашылары (Н.В. Гогольдің «Вечера на хуторе близ Диканьки» кітабының желісі бойынша). «Диканькаға қош келдіңіздер» библиоымырт өткізді. Іс-шара 18 қаңтарда ОАК-да өткен. Оны аудан орталығының мектептерінің оқушылары мен кәсіби-техникалық колледждің студенттері келіп қараған болатын. (барлығы 70 адам).
Өткізілген іс-шара барысында кітапхана қонақтары жаңа жылдық мерекелердің пайда болу тарихын білді, Рождество Христова, Святок және Крещения Господня мерекелеудің дәстүрлерімен танысты. Іс-шараның қатысушылары «Святочная сказка» әдебиеттің шолуын тыңдады, «Рождественский вертеп» бейнесалонына барып қайтты, «У Солохи» қонақта болды, онда дәстүрлі рождестволық астармен сыйлап дәм татқызды, жұмбақтарды шешті және әдебиеттік сайыстың сұрақтарына белсенді жауап берді. «Рождествоның ғажайыптары» кітап көрмесінде кітапханашылар бал ашудың әртүрлілігі туралы әңгімелеп берді, онымен тек жай шаруалық қыздар ғана емес, сонымен бірге бай бойжеткен қыздар да айналысқан: айналармен бал ашу, балауызда бал ашу, кебісте бал ашу, кілтте және тарақта және тағы басқалар. Оқырмандар колядование туралы көптеген жаңалықты білді, олар рождестволық сочельник және Васильев күні өтеді және «Березка фольклорлық тобының («Юбилейный» АМҮ) орындауында коляданы тыңдады. Қорытындысында Крещения (Богоявления) мерекесі туралы әңгімеленген болатын, онда Святки аяқталады.
1-ші тоқсанда Орталық аудандық кітапханасының ұжымы Масленицаны тойлауда қатысқан болатын. Фольклорлық-этнографиялық экспозиция көрсетілген болатын, «Пришла Масленица, принесла блинов и маслица!» ақпараттық-танымдық сағаты өткізілген (абонемент кітапханашысы Шмыглова А.А.).
Барлығы 149 жаппай іс-шаралар өткізілген (соның ішінде қазақ тілінде - 40) келушілердің санымен 7302 адам.
«Меңдіқара үні» аудандық газетінде кітапхана жүйесінің жұмысы туралы 8 мақала жарияланды.
31.03.2017. Жусупова Б.Т. «Нұр Отан» залында тану мен ашу сағат
«Сенің әкелерінің мен аналарының сүйікті кітаптары»
Бұл шарада балаларға кітаппен күн сайын кездесетінімізді және ертегі, жұмбақ,викториналық сұрақтар,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздідің ең жақын ақылшы екені туралы айтылды.Балалар кітап апталығына ықыласпен қатысып,өз білімдерін көрсете білді.Шарамыздың сонында балаларға сый сыяпат беріліп, дастархан ұйымдастырдық.
Міне көрдіңдер ме? Кітаппен достассаң, бәрін білесің, бірде ұялтса,бірде мақтайды,бүкіл дүние сырын алдыңа жайып салады «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»-деген осы.
Кітап мерекесі аяқталған мен,әрқашан кітаппен бірге болыңыздар деп кітапханашы сөзін аяқтады.
30.03.2017. Жусупова Б.Т. оқырман залда оқу круиз «Кітаптардың сиқырлы әлемі» атты іс-шараны өткізді. Бұл шарада ұлы ағартушы, тұнғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы.Алтынсаринның шығармашылығымен еңбектерімен таныстырды. Осындай іс-шара арқылы оқушыларды тәрбиелікке, әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата-анасын сыйлап, құрмет тұтуға, еңбекқор болу туралы айтылды және сөз жұмбақ, мақал-мәтелдерге жауап берді. Оқушылар бұл шарада өздерінің білімді екенін көрсете білді.
29.03.2017. Жусупова Б.Т. «Нұр Отан» залында әдебиеттік викторинаны
«Оқып отырып жұмбақты шешіңдер» атты іс-шараны өткізді. «Оқып отырып жұмбақты шешіңдер» - атты іс-шарамызда балаларға құстар туралы, спорт, отан, жалғыз жұмбақтар қойылды. Бұл шарада балалар жақсы қатыса отырды. Кітапханашы өз алғысын айтты.
29.03.2017ж Оспанова Б.А. «Нұр Отан» залында ертегілер бойынша викторина «Ертегі елі» атты іс-шараны өткізді.
Онда кітаптар көрмесі болды: балаларға ертегі кейіпкерлері туралы викториналық сұрақтар қойылды. Балалар өздерінң оқыған ертегілерін және олардың авторларын айтты. Жұмбақтар мақал – мәтелдер, шешкен балаларға жетондар берілді. Ұпайы көбі жеңімпаз аталды.
28. 03. 2017 г. кітапханашы Жусупова Б.Т. «Нұр Отан» партиясының конференц-залында «Маған досым оқуға кеңес берді» атты әдебиеттік викторинаны өткізді.
«Маған досым оқуға кеңес берді.» - атты іс-шарамызға балаларға жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтылып,ертегі айтқызу арқылы мазмұннын айтып беруді, балаларға қазақ елі, жері, суы,төрт түлік мал, жан-жануарлар мен табиғаттың сан алан құбылыстары жөніндегі ертегілер туралы айтылды. Сонында балаларға алғысымызды білдіріп, сыйлықтар берілді.
27.03.2017г. балалар кітапханасының оқырман залында кітапханашы Жусупова Б.Т. «Ертегілік әткеншек» әдеби ойын –викторинасың өткізді.
Сайысымызға қатысып, өз білімдерін сынап, тапқырлықтарын, шешендіктерін көрсеткен оқушыларымызға алғысымызды білдіріп, сый сияпат берілді.
«Менің сүйікті мерекем!» міне осындай атпен Ғ.Жұмабаев мектеп-интернатында, аудандық орталық кітапханашылар Жунусова Л.Е., Утетлеуова Р.С. 16 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арнап зияткерлік-танымдық ойын өткізді. Ұлыстың ұлы күнінің тарихы, мәні мен мағынасы, маңызы туралы оқушыларға шағын баяндама жасап, ақпарат берді. Сөз кезегің интернат менгерушысы Ақнұр Бақтыкерей қызына берілді, ол бәрімізді мейраммен құттықтаді. Сонан кейін Абдуллина Жансұлу би билеп берді . Іс-шараға қатысушылар көптеген сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді, балалар қазақ ұлтының тағамдары қалай жасалатын, қандай тағамдар барын айтып берді. Оқушылар өз өнерлерің көрсетті: Аида, Дариға, Көркем, Кенжегүл би биледі. Сонымен бірге ұлттық тағамдар туралы әсіресе соның ішінде наурыз көже туралы өлеңдер оқылып, наурыз жөнінде аңыздар айтылып, әндер шырқалды. Қонағымыз Татимбекова Гүлжиһан домбырамен «Анашым» деген әң орындап берді. Балалар Ержігіт пен Темірлан тақпақ оқыды, Үлбосын мен Айнүр би билеп берді, Асхат әң орындап берді.
Жиналған қауым олардың өнерлеріне риза болды. Кеш соңында шашу шашылып, наурыз көжеден жиналғандар дәм татты.
4 наурыз күні орталық аудандық кітапханада «Алтын ұя» мүшелеріне «Шуақ төкті ән-көктем!» атты мерекелік кеш өтті. Халықаралық әйелдер күні- көктем мерекесіне арналған іс-шараны ұйымдастырған кітапханашылар Жүнісова Л.Е. мен Утетлеуова Р.С. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Аналарға арналып, ән шырқалды. Мерекелік кешке клуб мүшелері қыздарымен бірге келді. Ару қыздар арасында сайыс өтті. Сайыс бірнеше кезеннен тұрды: «Өздерін таныстыру», «Сұрақ –жұмбақ», «Арулардың өз өнерлерін көрсетуі», «Анамның сүйікті асы», «Гүл-ою». Іс-шараға белсенді қатысқан: Байтугелова Венера - қызы Аянамен, Галиева Алия - қызы Надеждамен, Мнайдарова Гульназия - қызы Айымжанмен, Тлебаева Күмісай - қызы Ажаргүлмен, Сұлтанғалиева Құндызай - қызы Жасминмен, Жаукина Жұмагүл – қызы Наурызгүлмен. Сайыс женімпаздары: Надежда Ушакова, Наурызгүл, Ажаргүл. Қыздар сыйлыққа ие болды. Мерекелік кештін соңында қонақтар дастархан басында жиналып, шай ішіп, қыз тәрбиесі туралы ой-пікір алмасты.
Жаңа дәуірдің темірқазығы
2017 жылғы 14 ақпан күні орталық аудандық кітапхананың оқырман залында 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына арналған мәдениет саласы қызметкерлерінің жиналысы өтті. Жиналысты «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Салпенова Айнұр Төлепбергенқызы ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауының мазмұнын баяндау кітапханашылар Г.В. Давыденко мен Л.Е. Жүнісоваға сеніп тапсырылды. Баяндамада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгіленген Қазақстанның үшінші жаңғыртудың бес негізгі басымдықтары көрсетілген. Атап өтілгендей, жолдау алдағы кезеңде жұмыс үшін нақты мақсаттарды анықтайды және қуатты жұмылдырушы күшке ие және ұлт жоспары «100 нақты қадамы» негізінде «Қазақстан-2050» стратегиясын әрі қарай жүзеге асыруда барлық қазақстандықтарды сөзсіз мобилизациялайды. Жиналыста сөз сөйлеген қызметкерлер Маутанов Ғ.Т., Козлова Н.И., Тәжібаева Ж.Ж., Ульрих Н. И. жолдауды оқу және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қажет екендігіне сенім білдірді. Қатысушылар Президенттің жолдауында көрсетілген Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен терең мазмұнын шын қолдауы мен мақұлдауын айтты.
28.01.2017ж. кітапханашылар Жусупова Б.Т., Оспанова Б.А. «Террорға бірге қарсымыз» атты іс-шараны Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 6 «а» «ә»-сынып оқушыларымен өткізді.
Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінде 6 «ә», «ә» сынып оқушыларымен «Террорға бірге қарсымыз» атты іс шара өткізілді. Іс- шарада оқушыларға «Діннен адастырар теріс ағым» видиоролигі көрсетілді. Оқушылар 2016ж Ақтөбедегі терроризм туралы өз ойларын айтты. Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Біздің мақсатымыз жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру.
Оқушыларға терроризм туралы және оның түрлері, себептері мен зардаптары туралы айтылды.
Оқушыларға бейбітшіліктің маңызын және мейрімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екендігі туралы айтылды.
1 ақпан күні аудандық кітапханашылар Утетлеуова Р.С. және Жунусова Л.Е. санаторлық мектеп – интернатында Меңдіқара аудандық Мұса қажы Зұлқарнайұлы мешітінің бас имамы Ісмаилов Қыдырбек Сапарұлымен «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбында кездесу өткізді. Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды деп кездесуді аудандық акиматтын ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғазез Қайрат Талғатұлы бастады. Келесі сөз имамға берілді. «Діни терроризм, бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған терроризм. Бұл қанды текетірестер тек діндер арасында емес бір дін ішіндегі ағымдар мен бағыттар арасында да жалғасып жатыр. Исламның негізін меңгерген адамның террорист болуын елестету мүмкін емес. Ислам дінінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қол жеткізу деген ұғым мүлдем жоқ», - деді имам. Содан кейін экстремизмге қарсы, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын түсіндіріп, айтып берді. Қонақтар балалардын сұрақтартарына жауап берді.
Кітапханашы Жүнісова Л. Е. 28 қаңтар күні Ғ. Жұмабаев атындағы мектептің 9–сынып оқушыларымен «Ұлы жазушы, шебер суреткер – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өткізді. Оқушыларды Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны және шығармашылық жолымен таныстырды. Іс-шара барысында балалар Мұхтар Әуезовке арналған өлеңдерді оқып, кезектесе отырып жазушының "Көксерек" атты әңгімесінің мазмұнын әсерлене отырып баяндап берді. Кітап бойынша сұрақтарға балалар жауап берді. Кітапханашы жазушының «Қорғансыздың күні», «Ескілік көлеңкесінде», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» атты кітаптарымен таныстырды.
25. 10. 2016 ж. балалар кітапханасының оқырман залында үйірмедегі балалармен « Кітаптардың сиқырлы әлемі» атты іс – шара өткізілді. Онда ертегілер неше топқа бөлінетіні айтылды. Іс шарада балалар өздерінің оқыған ертегілерін айтты, және ертегілер туралы сұрақ – жауаптар болды. Жұмбақтар шештік, балалар өздерінің білетін жұмбақтарын айтты.
15.10.2016ж. Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінде «Кітаптың пайда болу тарихы» ертеңгілікті Жусупова Бопежан Таскаировна өткізді. Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 4а-сынып оқушыларына кітаптың шығу тарихымен, оның адам баласына пайдасы туралы және бүкіл ғылым мен техника кітап арқылы өрістейтінін, білімнің бастауы екенін түсіндіре отырып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын, рухани байлығын дамыту, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында «Кітаптың пайда болу тарихы»-атты ұйымдастырылды.
Кітапханашы ежелгі кітап суреттерін көрсете отырып оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстырды.
Оқушылар кітаптан алған білімдерін тақпақ айту, мақал-мәтел, сұрақтарға жауап беру арқылы дәлелдеп берді.
15.10.2016ж. Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінде кітапханашы Оспанова Б. А. «Сөздер туралы сөз» әдебиеттік ойынды өткізді. Оқушыларды сөздіктер мен энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйрету, олардың алуан түр