Жиырмасыншы ғасырдың басында Ыбырай Алтынсариннің бастамалығымен екі жылдық орыс-қырғыз училищесі ашылды. Алғаш рет Боровской аумағында кітапхана пайда болды. Кітапхана училище жанында ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі қызметін священниктің ұлы Василий Дроздов атқарды. Бұл оқулық кітапханасы болатын. Кітапхана қызметін тек училище оқушылары пайдаланды.
Қазақстан аумағында революциядан кейін мемлекет сауатсыздықты жаппай жою жұмысына кірісті. Барлық елді мекендерде жаңа мектептер, сауатсыздықты жою пункттері, мәдени – ағарту мекемелері ашыла басталды. Мәдени құрылыстың бөлінбес бөлігі кітапхана салу болды. 1920 жылдың 19 наурызында Кустанай уездік Атқару Комитетінің Президиумі РКП жанашарларына Татьяновка селосындағы бұрынғы Татаевтың лавкасында халық үйін ашуға рұқсат берді. (1).
1921 жылдың шілде айында Қазақ АССР Бассаясиағарту губсаясиағартуларға циркулярлы хат жолдады: «КАССР саясиағарту жұмыстарының тұралап қалмауына және сауатсыздықты жою мақсатында, Қазақ АССР саясиағартуларға әр елді мекенінде оқу – үйлерін ашу» (2).
1923 жылдың шілде айында Боровской селосында оқу-үйі ашылды. Оқу бөлмесі жиырма шаршы мерт алаңды бір бөлмеде орналасты. Құралдары орындықтар және ағаштан жасалғаннан столдан тұрды. Қордың негізі мерзімді басылымнан тұрды. «Известия», «Беднота», «Степной крестьянин» (аумақтық), саяси сауаттылық бойынша брошюра болды. Кітап мүлде болған жоқ. Д. Бедныйдың өлеңдер кітабы қолданыста болды. Жергілікті мұғалімдер Говорухин И. В. және Новгородцев (Новгородов) өздерінің жеке кітаптарын сыйлыққа әкелді. Барлық жұмыс еріктілер күшімен жасалды. Аудандық комитет жанында мәдениағарту жұмыстар бөлімі болды. Онда Данилов жұмыс істеді. Данилов жұмысты жүргізуді комсомолға тапсырды. Комсомолдар кітапты қолдан –қолға беріп оқыды. Тұрғындар алдында оқулар жүргізді. Керосин шамының жарығымен оқу-үйінде кезекпен жұмыс жасалды.
1928 жыл – коллективизация мерзімі. Оқу-үйін аудандық партия комиттеті ғимаратының жертөлесіне көшірді. Мерзімді басылым аудандық партия комитетіне келіп түсіп, одан төменге оқу-үйіне жіберіліп отырды. Оқу-үйінің меңгерушісі Павел Карлов болды. Кітаптар келіп түспеді. Аудандық атқару комиттетінің жаңа төрағасы Батуриенецтің келуі, оқу-үй жұмысына өзгерістер енгізді. Ол өзінің жеке жинағынан 150 дана кітап сатып алды. Кітаптар Маяковский, Вальсон және балалар кітабынан түрды. Кітап қорының өсуіне қарамастан кітап үйге берілмеді. Орынбордан қазақ және орыс тілінде жорналдар келе бастады.
1932 жылы кітапхананы аудандық коммунистік партия ғимаратының екінші қабатына көтерді.Бір жылдан кейін төрт бөлмеден тұратын ескі тұрғын үй ғимаратына көшірілді.кітапхананың бірінші меңгерушілігіне – Симушенко тағайындалды.
Ол 1936 жылға дейін қызмет жасады. Бойко (Мазеева) Надежда Максимовна оның орнына 1936 жылы келді.
1937 жылы кітапханалар Кашин Владимир Григорьевич басқарған аудандық білім беру бөлімі құзырына ауыстырылды. Сол мерзімде әдебиет орталықтандырылып Н.М. Бойко (Мазева) басқаруымен түсе бастады. Селода кітаптар селолық Кеңеске түсіп отырды. Халық үйі немесе клуб жанында комсомол топтары жұмыс жасады. Шығармалардың мазмұнын МСБ қатаң қадағалап отырды. С. Есениннің өлеңдеріне тиым салынды. Ұлы Отан соғысы уақытында да кітапханалар жұмыс істеді. Оқырмандар негізін оқушылар құрды. Сол жылдары мәдениағарту бөлімінің басшысы Шульга болды.
1949 жылдың 24 мамырында еңбекші депутатар кеңесінің облыстық атқару комитеті «1949 жылы облыста мәдениағарту мекемелер жүйесін кеңейту туралы » № 416 шешімін қабылдады, осы шешімге сәйкес Ақсуат ауылында қайтадан селолық кітапхана ұйымдастыру шешілді.(3).
1949 жылы мәдениағарту бөлімінің басшысы Мазеев Петр Михайлович тағайындалды. Мендіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитеті «Аудан аумағында қосымша және бар мәдениағарту мекемелерін ашу» № 452 шешімін қабылданды. 1949 жылдың 25 шілдесінде «Мазеева жолдас 1949 жылдың 1 тамызынан бастап Қарақоға ауыл кеңесінің аумағында Ұзын –Ағаш ауылында кітапхана ашсын және Қарақоға ауыл кеңесіндегі оқу-үйін Теңіз ауыл кеңесінің Көктерек ауылына көшірілсін». Мәдениағарту меңгерушісі және ауыл кеңестерінің төрағалары қажет құралдармен және әдебиетпен қамтамасыз етуге міндетті болды.» (4).
1950-жылдардың басында кітапхана басқа ғимаратқа көшірілді. Бұрын ол мекенде тігін шеберханасы болған екен. Махнева Н. А естелігінен: «Кішкентай тігін шеберханасынан тігін машиналарын шығарып кітапханаға берді, ал оқу-үйінің ескі ғимараты мүлде құлап қалды.» Кітапхана кеңейді, оқырмандарға оқу залы және абонемент қызмет көрсетті. Абонемент кітапханашылығына Савельева (Махнева) Наталья Андреевна қабылданды. Оқу залында Полина Андреевна Родионова жұмыс істеді, ал 1951 жылдың қаңтар айынан бастап мәдениағарту бөлімінің жұмыстарын басқарды.
1952 жылға дейін кітапхана балаларға да қызмет көрсетті. 1952 жылдың 11 маусымында Мендіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитетінің «Аудандық балалар кітапханасын ашу туралы» № 188 шешімін қабылдады. (5).
Родионова оның бірінші басшысы болды. Кітапханаға Омск көшесінде орналасқан астық лабораториясының ескі ғимараты берілді, ғимаратнегізгі жөндеуден өткізу қажет болды. Жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Бірақ мәдениет бөлімі басшылығымен кеңесе отырып Родионова ескі ғимаратты бұзып сол жерге жаңа ғимарат салуды ұйғарады. Ағашты Аманқарағайдан әкеліп құрылысшыларды ұйымдастырады, жұмыс қарқынды жүре бастайды. Родионова күн сайын құрылысқа келіп, құрылыстың барысын қадағалап отырды. Бұзылған құрылыс материалдан ол 6 бөренені бөліп алады әлі пайдалануға болады деген оймен , ұқыпты Полина Андреевна құрылыс материалдарының тиімді пайдалануын жітті қадағалап отырады. Кейін сол 6 бөрене құрылысқа пайдаланады. Кітапхана салынып болғаннан кейін қабылдау комиссиясы келіп қабылдауға кірісті, міне осы жерде Полина Андреевнаның ұқыптылығы өзіне «қарсы шықты». Комиссия мүшелеріне жөндеу жұмыстарының орнына жаңа ғимараттың пайда болғаны ұнамады. Бұл қалай жаңадан салынған ғимарат құрылысына неге ескі бөренелер пайдаланылған. Мадақтау мен құттықтаудың орнына осында «көңіл білдіру» болды. Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Даниленко комиссияның бұл шешіміне өте қапаланды. Ал Полина Андреевна ішінен уайымдап: жарайды енді не істейміз, жаңа ғимаратқа ие болдық, деп бәрін жұбатты.
Кітапхана 1952 жылдың қараша айында ашылды. Тың игеру жылдары кітапхана ісі де алға басты. Тылға тың игерушілермен қатар шығармашылық зиялылары келе бастады. Тың және тыңайтылған жерлерде алғашқы салынған кітапхана Қарақоға селолық кеңестің Қарағай ауылынды ашылды. 1953 жылдың 5 қыркүйегінде Мендіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитетінің № 370 шешімі «Қарағай селолық кітапханасын ашу туралы» қабылданды. (6).
1954 жылы қоғамдық бастамамен Чернышевка селосында кітапхана ашылды. Кітапханашы-белсенді Аржаматов Владимир Николаевич. 1955 жылы, Меңдіқара аудандық мәдениет бөлімінің шешімімен Чернышевка кітапханасы мемлекеттік атағына ие болды. Алғашқы кітапханашысы Пятигорск кітапханашылар техникумының түлегі Ольга Кучерова. 1959 жылдың 14 маусымында кітапхананы Мазурова (Горнаткина) Галина Спиридоновна қабылдап, зейнеткерлікке шыққанға дейін, тіпті содан кейін 3 жыл 1997 жылы ғана құрметті демалысқа шықты. Меңдіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитетінің 1954 жылдың 12 сәуірінде № 370 122 шешімімен «Селолық кітапханалар ашу және оқу-үйлерін селолық кітапханалар деп қайтадан атау туралы» қабылданды. Осы шешім негізінде тың игерудің алғашқы жылдарында селолық кітапханалар Долбушка және 8 Марта (қазіргі Новониколаевка) селоларында ашылды. (7).
1955 жылы Мендіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитеті Сосна селосында екі мәдениет ошағының барлығына көңіл аударды:совхоз клубы және оқу-үйі. Ал сол селолық кеңестің Никитинка селосында мәдениет ошағы мүлде жоқ. 1955 жылы 30 сәуірінде комиттеті № 210 шешім «Сосна оқу-үйін Никитинка селосына көшіру туралы» қабылдады. (8).
1955 жылдың 28 шілдесіндегі № 310 шешім «Селолық кітапханаларды ашу және Сосна оқу-үйін селолық клуб деп қайта атау туралы» қабылдады. Бұл шешім бес еңбек бірлігін және Никитинка, Русское, Маковка, Архиповка және Жарқайың ауылында жаңа кітапхана ашу мүмкіндік туғызды. (9).
Жылдар өтіп жатты. Аудандық кітапхана ескіріп, төбесінен жаңбыр ағып, пешпен жылыту жылдан жылға қымбатқа түсіп тиімсіз болды. Меңгерушіс Махнева Н. А. аудандық кеңес мәжілісінде жоғарғы орындардан кітапхананың жаңа ғимаратын салу қажеттілігі мәселесін қойды. Мәселе тез арады, тиімді шешілді. Мендіғара еңбекші депутатар кеңесінің аудандық атқару комитеті 1960 жылдың 18 қазанында № 290 шешім «Боровской селосында аудандық кітапхана салу туралы» қабылдады, шешімде облыстық үкімет органдарынан кітапхана салуға рұқсат берулерін және 250 мың рубль бөлулерін сұрады. (10).
Қаражат бөлінді. Бұрынғы оқу-үйінің орнында 1969 жылы облыстағы бірінші бір үлгідегі кітапхана ғимараты бой көтерді, құрылыс үш жылға созылды. Кітапхана ұжымы жаңа орынға көшуге дайындықты бастады, ескі көне кітаптар, қайталанатындар есептен шығарылды, жаңа мүккәммал құжаттарын рәсімдеді.(мүккәмал кітабы). Жаңа құрал-жабдықтар сатып алды. Ескі ғимараттан кітаптарды жаяулап, қолмен тасып жаңа ғимаратқа тасып жеткізді, қуаныш не істетпейді. 1972 жылдың қазан айында жаңа аудандық кітапхана өзінің оқырмандарын қабылдауды бастады. 1973 жылы штат үлкейтілді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаптева Антонина Ивановна, кітапханашы Темирбаева К., әдіскер Батурина А., оқу залының меңгерушісі Щеглова Надежда Васильевна. Екі еден сыпырушы Шендель Татьяна Семеновна және Селезнева А. Кітапхана тазалығын қадағалады. Селолық кітапханаларға әдебиет бөлу, өңдеу және тізімдемеге толтырумен барлық кітапханашылар айналысты. 1975 жылдың ақпан айында басшылық ауысты. Наталья Андреевна Махнева өз құзырын кітапхананың жаңа меңгерушісі Тихонюк Анне Федоровнаға тапсырды. Шакирова Мария Николаевна қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылығына қабылданды.
1978 жылы кітапханаларды орталықтандыру басталды. Боровской кітапханасы ауданның барлық кітапханаларына әдістемелік орталық болды. Тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында бес бөлім ұйымдастырылды: әдістемелік – ұйымдастыру, әдебиетті жинақтау және өңдеу, ақпараттық-библиографиялық, оқырмандарға қызмет көрсету, ортақ қорды қолдану және кітапхана аралық абонемент (КАА). Кітапханашылар штатында да өзгерістер өтті. Қызмет көрсету бөлімінде Боровская Тамара Васильевна, ортақ қорда - Темирбаева К., әдебиетті өңдеу бөлімінде – Шакирова Мария Николаевна, өнер бөлімінде – Таран Оксана, әдістемелік бөлімде – Гусева Татьяна Михайловна, анықтамалық-библиографиялық – Лаптева Антонина Ивановна қызмет жасады. 1980 жылдан бастап оқу залының меңгерушілігіне Садвокасова Лидия Танашевна тағайындалды.
1981 жылғы 10 тамызда облыстық мәдениет басқармасының бұйрығы бойынша облыс библиографтарына ұйымдастыру және оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Боровской орталықтандырылған кітапхана жүйесі базасында облыстық тәжірібе ауысудың облыстық мектебі «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ақпараттық-библиографиялық жұмыс» тақырыбы бойынша ашылды. Мектеп басшылығына Боровской ОКЖ директоры Тихонюк Анна Федоровна бекітілді. Сабақ бағдарламасы Толстой атындағы облыстық кітапхананың анықтамалық-библиолграфиялық бөлімімен келісіліп отырды. Облыстық мектеп 5 жыл жұмыс атқарды.
1989 жүйе 58 кітапханадан тұрды. 85 қызметші тұрғындарға қызмет көрсетті. Оқырмандар саны – 28500. Кітапберу - 678011 дана басылым. Кітап қоры 507813 данадан тұрды. Тоқсаныншы жылдар - оптимизация жылдары. Бұл қиындығы мол жылдары жүйені Галина Аркадьевна Бурцева басқарды. Филиалдар жабыла бастады.
1999 жылы жүйе 28 кітапханадан тұрдык. Кітапханашылардың штатық бірлігі- 36. Оқырман саны – 17929 адам, кітап беру саны – 356642. Кітап қоры 451814 дананы құрды. 1998 жылы кітапхана директорлығына Татьяна Михайловна Гусева тағайындалды. Кітапханалар да ел сияқты қиын жылдарды өткерді. 2005 жылы орталық аудандық кітапхана ғимаратты негізгі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының шығыны 5 миллион теңге. 2008 жылдан бүгінгі таңда «Меңдіқара орталықтандырылған кітапхана жүйесі» 45,1 штаттық бірліктен тұратын (56 қызметкер) 30 кітапхана. Кітапханаларды жетілдіру бағдарламасына сәйкес компьютерлер сатып алып, РАБИС бағдарламасын енгізуге мүмкіндігін туғызды. Бұл кітапханашылардың көпшілік іс – шара өткізу, оқырмандарға ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуде мүмкіндіктерін кеңейті.
ОКЖ қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып кітапханашы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстар өз жалғасын табуда. Осы қызметтің қорытындысы бойынша 2008 жылы Орталық аудандық кітапханасында көшпелі шығармашылық лаборатория «Аудандық кітапхананың әдістемелік жұмысы: тәжірибе, тәжірім, перспективалар» өткізді. Осы бағыттағы жұмысты тиімді жүргізу мақсатында әдістемелік –библиографиялық жұмыс бөлімі ашылды. Наталья Ивановна Шиповских, Гүлмайра Мухаметкалиевна Ерсұлтанова, Татьяна Михайловна Гусева және библиограф Наталья Ивановна Козлова жұмыс жасады. Семинарлар, мастер-класс , практикумдар жұмыстың әр түрлі нышандары: жұмысты жоспарлаудан бастап жалпы жеке бағыттарды. Селолық кітапхана-филиалдар базасында жиі көшпелі семинарлар өткізіліп отырады. Жұмыстың дәстүрлі нышандарымен қатар әдіскерлер дәстүрлі емес және стандартсыз нышандарды іздеп жұмыстарында қолданады: психолгиялық шынықтырулар, сауалнама жүргізу, подиум-дискуссия, тақырыбы жарияланбастан әңгіме-дискуссия , электронды презентация.
2009 жылдан бастап жүйеге Светлана Васильевна Швыдченко басшылық жасайды. 2010 жылдың 1.01.кітап қоры 287029 дананы құрайды, соның ішінде қазақ тілінде 87706 дана. Бүгінгі таңда қазақ халқының бай тарихы және мәдениеті, тілі өрлеу кезінде кітапхана қорының тиісті әдебиетпен қамтамасыз етілуі жолға қойылды. Орталық аудандық кітапханада қазақ тіліндегі әдебиет және өлкетану секторы өз жұмысын атқарады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша оқырмандар саны 18386 адамды құрайды, кітап беру – 418987 дана, қатысу саны – 166626.
Кітапхана қызметкерлері мемлекеттік тапсырма-өз отанына деген мақтаныш, қазақстандықтардың патриотық сезімін тәрбиелеуде тұрақты және тиянақты шешу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.
Әдебиет
1. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты Қ.237. Тіз.1. Іс.36. П.18.
2. Қазақстандағы кітапхана ісі 1918 – 1945: құжаттар және материалдар жинағы / [жауапты құрастырушы. С.А. Евстигнеева]. – Алматы, 1990. – 51-52б. 3,Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты. Қ.268.Тіз.1. Іс.996. П.195, 195 бума.
4,Сонда. Қ.60. Тіз .6. Іс.20. П.18.
5, Сонда. Қ.60. Тіз .6. Іс.128. П.13
6,Сонда. Қ.60. Тіз.6. Іс.171. П.5.
7.Сонда. Қ.60. Тіз.6. Іс.190. П.21.
8.Сонда. Қ.60. Тіз.6. Іс.223. П.40.
9,Сонда. Қ.60. Тіз.6. Іс.228. П.36.
10, Сонда. Қ.60. Тіз.6. Іс.332. П.9.