Зұлқарнай Мұса қажы атындағы Меңдіқара аудандық мешіті

 

 

Мешіт орналасқан үйді, Ресейден қоныс аударған орыс көпесі Шарухов салдырған. Әр түрлі уақытта «Несие қоғамы», содан кейін банк орналасқан. Банк жаңа ғимаратқа көшкендіктен, бұл үйде теледидар жөндейтін шеберхана ашылды. 1991 жылы ауданда мұсылмандардың құрылтайы өтті, онда мешіт ашу туралы шешім қабылданды. Мешіт діни қызметкерлерді  даярлағаннан кейін және ғимаратты жөндеуден өткізгесін ашылды. 2006 жылы Меңдіқаралықтардың шынайы қолдауларының арқасында мешіт ғимараты күрделі жөндеуден өтті.Қазір әрбір діншіл мұсылман шынайы жан тыныштығын және  рухани бейбітшілікті осыдан табады. Ең көп үлес қосқан қайраткерлердің есімдері, Еңбек Ері – К.Б. Дөненбаева, облысқа танымал кәсіпкер - Р.Н. Файзулин, аудандық мәслихаттың депутаты - С.Б. Бұқанов, ауданның ауыл шаруашылық өндіруші жетекшілері және басқа да көптеген мешіттің Алтын кітабына енгізілгендер.

 

Белгілі тұлғаларды жерлеу

 

 

Меңдіқара ауданының Краснопресен ауылдық округінің Молодежный ауылынан 2 шақырым солтүстік- батысында, Жақтөле көліне жақын жерде зират бар, ол жерге Сауд Арабиясына бірнеше мәрте барып қажылық жасаған, белгілі тұлғалар жерленген.

Красная Пресня ауылының тұрғындары, туыстары қайырымдылық жасай отырып, мемориалдық тақта және ескерткіш орнатты.

Зұлқарнай ұлы Мұса қажы (1861-1920) – 9 рет Меккеге қажылық жасады.

Итемгенұлы Қошпан қажы (1861-1923) – 5 рет Меккеге қажылық жасады.

Сансызбайұлы Зұлқарнай қажы (1820-1880)

Сансызбай қажы (1740-1821). 


"Хан ордасы" ескерткіші Введен ауылдық округінің Загарин ауылына қарай 5 шақырым жерде орналасқан

 



Введен ауылдық округінен 5 шақырым жерде,  Загарин ауылына  қарай орналасқан.  Қабір үстінде араб  әріптерімен жазылған құлпытас бар. Көп жасаған кісілердің айтуларынша, бұл ханның  және қызметшілерінің  жерленген жері.


Батыр Маңдай Байдәулетұлы Меңдіқара ауданы Алқау ауылында жерленген

 

 

Маңдай батыр  Меңдіқара ауданына қарасты  Алқау ауылына жақын маңдағы Тобыл өзенінің биік шыңында жерленген. Зират басына, парсы тілінде жазып қалдырылған  салмағы бір тонна болатын көк тас орнатылған. Маңдай батыр (1710-1803) ұзын қыпшақ ұрпағынан шыққан. Қарабалық ауданының аумағы, атап айтқанда, ежелгі Ұзын ауылы - оның туған жері. Қарабалық ауданына қарасты Мағынай ауылы бұрын Маңдай деп аталған, кейіннен орыс тілінде Мағынай болып бұрмаланып кеткен дегенді айтады. Қостанай  ауданының аудандық орталық мешіті  Маңдай батыр атында. Маңдай батыр туралы көптеген аңыздар жинақталған,  айтылмаған және жазылмағандары әлі де көп. Оның маңдай алды батыр болғаны, қалмақтың талай қолын талқандауға қатысқаны туралы деректер тарихи жырларда да бар. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» деп басталатын жырындағы «Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы» деген  Маңдай батыр осы кісі екені дау туғызбайды. Халық жадында, ол туған жеріне жоңғар шапқыншыларына   қарсы тұра білетін, талантты қолбасшы ретінде қалды. Абылай ханның туы астында Маңдай  әскері барлық ірі шайқастар мен жорықтарға қатысты. Біраз уақыт  ол Абылайдың жеке әскеріне басшылық етті. Содан  кейін, ол өз еліне оралып,  Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін, шекараны қалмақтар мен башқұрттардың шабуылынан қорғады. Қыпшақ ауылдарында Маңдайдың қорғандары тұрды: Тоғызақ, Шадықсай, Екеншілік, Былғашы, Талды, Қайрақ, оның ордасы Маңдай ауылында болды. Ақсақалдардың еске түсірулері бойынша, Маңдай батыр шағыр көзді, жирен мұртты, дене бітімі өте  шымыр, кең иықты, мықты, кең үлкен алақанды, атпен жүруді, қаруды, қолмен күресу өнерін жақсы меңгерген.


Бәдрисафа (Александра) Мұхамедсадыққызы Байтұрсынованың

ескерткіші Ломоносов ауылдық округінің бұрыңғы Тасов ауылында орналасқан

 

Меңдіқара ауданының Ломоносов ауылдық округінің солтүстік-батысындағы  бұрынғы Тасовка ауылының маңындағы Тобыл өзенінің оң  жағалауында орналасқан (Каскат ауылынан 7 км). 2012 жылы Ахмет Байтұрсынұлының туыстары салған. Стелла түрінде ашық сары кірпіштен жасалып, негізі бедерлі тақтайшамен қапталған, өте биік емес темір қоршауы бар.

Бәдрисафа 1878 жылы Челябі облысында туған. Әулиекөл ауылындағы орыс-қазақ мектебінің  мұғалімі бола отырып, Ахмет Байтұрсыновпен танысты. 1896 жылы олар Троицк қаласындағы мешітте неке қидырды. Сол уақыттан бері Александра ислам дінін ұстана бастады. Жұбайының келісімімен күйеуі оған басқа есім берді - Бәдрисафа Мұхамедсадыққызы. Отбасылық өмірлері  Қостанайдағы 145 нөмірлі үйде  (қазіргі Абай көшесі) басталды. 1929 жылы А. Байтұрсыновты  Архангельскке жер аударып, Бәдрисафаны 1931 жылы халық жауының әйелі ретінде қуғынға ұшыратып, Томск облысына  жер аударды. 1934 жылы ол өзінің отанына оралды. 1937 жылы А.Байтұрсынов қайтадан тұтқынға алынып, атылып кеткенде, Бәдрисафа тұтқынға түсіп,  Свердлов облысына жер аударылды. Осында ол қатты ауруға шалдықты. Сталиндік тәртіптің құрбаны Ахмет Байтұрсыновтың адал дос қызы және серіктесі,  күйеуінің қайғылы тағдырын толықтай бөліскен, Бәдрисафаның соңғы жылдары, Қостанай облысы Александровка ауылындағы есі ауысқандарға арналған үйде өтті. Ол қалаға жақын орналасқан  Александровка маңында жерленген. Бәдрисафа кішіпейіл үй шаруасындағы рөлімен шектеліп қойған жоқ. Ол күйеуінің барлық істеріне белсенді қатысып, оның қонақжайлылығы арқасында Байтұрсыновтар үйі «Алаш» партиясының болашақ көшбасшылары үшін жиналыс алаңы болды. Газеттердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының жеке мүшесі, Алаш партиясындағы науқанға қатысқан. Бадрон - таза алтын, Сафа –мөлдір таза.

    Кішкентай Отанымыздың  тарихын және мәдениетін зерттеу, сақтау мақсатында, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту барысында, ауданымыздың мектеп оқушыларымен ескерткіштерге экскурсиялар ұйымдастырылып отырады, сондай-ақ аудан қонактары да ескеркіштерге барады.


Косьма және Дамианның орыс православие шіркеуі, Боровское

ауылының орталығында орналасқан

 



Боровской ауылының және көрші ауылдар тұрғындарының өтінішітері бойынша, 1905 жылы кірпіш шіркеуін салуға рұқсат берілді. Сәулетші Михаил Кириллов Ярославль аймағынан шақырылып, ол көркем эклектизм стилінде тамаша шіркеу көтерді. Кірпіш өңдірісі бойынша шебер Андросов болды. Белгілі болғандай, цемент ерітіндісіне бүкіл аудан тұрғындары берген жұмыртқа қосты.1912 жылы шіркеу дәріптелді. 1930 жылы шіркеу жабылды. Шіркеудің жабылуын ұйымдастырушылар комсомол мүшелері ағайынды  Турчаниновтар  болды.

Осы  кезде қоңырау мұнарасы бұзылып, кресттер жойылып, ішкі көрініс жоғалып, құдай белгішелері қирап, корольдік қақпалар, құдай белгішелері  мен ыдыс-аяқтар, сондай-ақ барлық құжаттар жоғалып кетті.

Сол жылы, жертөле жылытқыштарының жағу құпиясын ашпай  шебер Березкин Георгий Афанасьевич кенеттен қайтыс болды. Қабырғалар мен едендер оннан астам күрделі жүйелі  мұржалар, түтін шығаратын жапқыштар арқылы жылытылды. Шіркеу  қызметшілерінің бірде біреуі от жағалмағандықтан,  ғибадатхананы тастап кетті. Бұл ғибадатхана, әртүрлі уақыттарды бастан өткізді.

1956 жылы астық қоймасы, кейінірек құрылыс материалдар қоймасы орналастырылды. 70-жылдары шіркеуде мектеп ату галереясы және аудандық спорт мектебі орналасқан. Бүгінде ғибадатхана қайта жандандырылып, ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығы болып табылуда. Бұл  меценат  Сергей Иванович Блоктың еңбегі. Оның  демеушілік  көмек беруінің арқасында,  ғибадатханаға (2007-2009 жж.)18 млн. 500 мың теңгеге  қабырғалардағы жазулар мен құдай белгішелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы шіркеуге 10 миллион теңге сомасына  сыртқы жөндеу жүргізіліп, атап айтқанда, күмбездер  және терезе рамалары боялды. 2011 жылы 3 млн. 500 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы шіркеудің күмбездері ауыстырылды. 2017 жылы 50 миллион теңгеден астам сомаға қоңырау мұнарасының бұрынғы көрінісін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы діни сәулет ескерткіші. Шіркеу – орыс  сәулетініне  тән, сәулет элементтерінің бай сәндік өңдеулерін қолданған тамаша үлгі. Шіркеуде, ғибадат қызметтері, әдет-ғұрып рәсімдері, ғибадатханада және оның аумағында  шерулер мен салт-жоралар, қажылық орындарда, зираттарда және басқа жерлерде қайтқан кісілермен қоштасу жүзеге асырылып отырады.

Жобаның авторы белгісіз, Михаил Корнилович Холодов (Боровской ауылының байырғы тұрғыны Дмитрий Илларионович Агафоновтың еске түсіруі бойынша) шіркеуді салған. Құрылысты жергілікті шеберлер қалаған. Жұмыстың соңында «құдайларды салатын» - қабырға суреті бойынша суретшілер келді. Бастапқы қабырға суреттері сақталмаған.


Косьма және Дамианның қасиетті бұлағы Боровское ауылының

жақын қарағайлы ормандағы көл жағасында орналасқан


 

Боровское ауылына жақын ормандағы көлдің жағасында орналасқан. Бұл жерде, ХХ ғасырдың басында қоныс аударушылардың бірі Құдай ананың белгішесін жерді соққамен жыртып жатқанда тауып алғандығын айтады. Табылған жерде бұлақ көзі ашылды, жергілікті тұрғындарының айтуларынша судың емдік қасиеті бар. 1914 жылы мұнда шіркеу салынды, ақырында жойылды. Қазіргі уақытта бұлақ қоршалған, крест қойылған, шағын көпір орнатылған.


Мұмамеджан Қарабаевтың ескерткіш тақтасы

 

   
Введен ауылына жақын жерде Мұхамеджан Қарабаевтың мемориалдық тақтасы орналасқан. Біздің еліміздің ұлы баласы, Мендіқара ауданы  халқының адал ұлы болған, дәрігер Мұхамеджан Қарабаевтың туғанына 160 жыл толуына байланысты ашылды. Мемориалды тақтада: бірінші дәрігердің туылған  және қайтыс болғаны, 1887 жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітіргендігі, 41 жыл бойы дәрігер ретінде қызмет жасағандығы туралы жазылған. Ескерткіш сары және қызыл кірпіштен жасалған. Тұғырдың ұзындығы - 1,5 м, ені - 1,3 м.

 

 


Ағытайұлы, И. Қастерлі белгі

 

.

 


Жәрімбетова, Н. Ақ босағаның "ақ келінге" құрметі 

 

.

 


Жәрімбетова, Н. Бадрисафа бейнесі

 

.

 


Жәрімбетова, Н. Бадрисофа экспедициясы

 

.