ОБК тарихы 

Балалар кітапханасы 1952 жылдың қарашасында ұйымдастырылды.1953 жылдың 1 қаңтарында балалар кітапханасының оқырмандар саны 198 оқырманға жетіп,кітап қоры  500 данадан тұрды. 10 жыл өткенен кейін тұрақты оқырмандар саны 2000,  кітап қоры 24000 дана кітаптан тұрды.   Радионова П. А., Темирбаева Е. Ж., Рупец Н. Т.  балалар кітапханасының алғашқы  қызметкерлері. П. А. Радионованың басшылығымен Боровское селосында алғашқы балалар кітапханасы бой көтерді. Осы қызметкерлер алғашқы балалар кітапхана ғимаратының салынып жұмысқа кріскенінің, куәгері болды, кітап қоры жиналып, кітапхана қызметіне кірісті.Бұл қызметкерлер өз ісіне шын жүрегімен берілген,өз ісінің шеберлері еді.Балалар кітапханаға бар ынталарымен келді,қызметкерлер оқи алатындарына кітап беріп ,оқи алмайтындарына өздері оқып беріп,кітапхана жұмысын жандандырды.Осындай жұмыс қарқыны балаларға кітапхана ісінен шет қалуға болмайтынын түсіндірді. 1962  жылы балалар кітапханасы жабылып кітап қоры аудан кітапханаларына бөлініп берілді.6 айдан соң балалар кітапханасы қайтадан ашылып,өз қызметін жалғасытырды.70 жылдары ОБК   кітапханалық-библиографиялық сабақтар бойынша сауатлықты облыстық деңгейде  арттыруда бастамашы болды.  ОБК тәжірімі басқа балалар кітапханаларына ұсынылды.ОБК балаларды және жасөспірімдерді  тәрбиелеу ісінде жеткен жетістіктері үшін жергілікті,облыстық деңгейдегі мадақтаулармен,алғыс хаттармен марапатталды. 1975 жылдың желтоқсан айында кітапхана жаңа ғимаратқа көшірілді. 1978  жылы кітапхана қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшті.

«Юбилейный» МҮ  ғимаратында  кітапхана  1994 жылдан 2010 жыл арасында орналасса, 2010 жылдан балалардың шығармашылық үйінің ғимаратында өз қызметін жалғастыруда.Балалар кітапханасы селодағы  мемлекеттік тілде білім беретін Ғ.Жұмабаев атындағы және А.Шотаев атындағы мектеп оқушыларына қызмет көрсетеді.Мектеп оқушылары кітапхананың тұрақты оқырмандары. Балалардың шығармашылық үйіне балалар жұмысының көрмесін ұйымдастыруда:суреттер,қағаздан,моншақтан  заттар жасау, жұмсақ ойыншықтар жасауда әдістемелік көмек ретінде әдебиет ұсынылады. 

Балалар кітапханасы орталық аудандық кітапхана  және   «Юбилейный» АМҮ қызметкерлерімен, облыстық санаторлы  мектеп  – интернат, түзелту кабинетімен,   «Жас әлем», «Балауса» бала бақшаларымен,мектеп жанандағы интернатпен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Оларға арнап көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып өткіземіз.Кітапхананың селодағы түрлі нышандағы мекемелер және кәсіпорындарымен тығыз байлыныста жұмыс жасауы  селода балалар кітапханасының қажеттілігін көрсетеді және аудан көлемінде қоғамдық тіршілікте кітапхананың маңыздылығын арттырады.  Кітапханада «Бұлақ» және «Своя компания» клубтары жұмыс жасайды. «Бұлақ» өз жұмысын мемлекеттік тілде, «Своя компания» клубы орыс тілінде жүргізеді.