Меңдіқара ауданы: кеше, бүгін, ертең

 

    

Меңдіқара ауданы өз атауын XIX ғасырда өмір сүрген атақты Меңдіқара бидің есімінен алады. Бастапқыда аудан 1921 жылғы 1 сәуірде ұйымдастырылды, алайда 1928 жылы екі аудан құрылды: Боровской кенті орталығымен Боровской ауданы және Ораз кенті орталығымен Меңдіқара ауданы. Бірақ 1930 жылғы 17 желтоқсанда екі ауданнан бір ірі Меңдіқара ауданы құрылды, оның құрамына 20 Ауылдық кеңес кірді.  1939 жылғы қазанда Ауылдық кеңестердің бір бөлігі Ұзынкөл ауданына берілді. Қырықыншы жылдардың аяғында аудан аумағында 41 ұжымдық шаруашылық болды. 1951 жылы ұсақтарды біріктіру арқылы ұжымдық шаруашылықтарды ірілендіру үрдісі жүрді. 

Экономиканы дамытудың заманауи кезеңінің нәтижесі – бұл берекелі жерде еңбек еткен меңдіқаралықтардың көптеген ұрпақтарының еңбегінің нәтижесі. 30-шы жылдары бірінші Аяқ-Молдыбай, одан кейін Долбушин МТС құрылды. Осы кезеңде озат ұжымдық шарушылықтар: «Боевик», «Трудовая сила», «Земледелец», «Охотник», «Май-Алап», «Жаңа тұрмыс», «Екпінді», «8 Марта», «Дружный», «Красный Повстанец» пайда бола бастады. Сондай-ақ май жасау артелі, астық қабылдау кәсіпорны, шыны зауыты, әр түрлі фермалар, өнеркәсіп артельдері ашылды. МТС үшін механизаторлар кадрлары Боровской механизация мектебінде (кейін ол Боровское ОКТУ, қазір  – кәсіптік-техникалық колледж) дайындалады.

Ал тың игеру дәуірі ауданның экономикасы мен мәдениетіне жаңа леп берді. Тың игеру жылдарында аудан шаруашылықтарында 432 мың гектар тың жер игерілді. Қысқа уақытта ұжымдық шаруашылықтар негізінде 11 кеңшар ұйымдастырылды. Жаңа орында «Буденный ат.», «Краснопреснен» және «Харьковский» кеңшарларының орталықтары қаланды. Тың игеру жылдарында меңдіқара жерінен 9 Социалистік Еңбек Ері шықты. Г. Каюмовтың, И. Крупскийдің, В. Трояковтың, А. Татаренконың, А. Дубенцовтың, А. Захаровтың, М. Яровойдың, К. Дөненбаеваның есімдері газет беттерінен түспеді. Меңдіқаралық Н. Синенко алғаш Еңбек Даңқы орденінің толық кавалері атанды. 

Ауданда аудандық аурухана мен дәріхана, ал Ауылдық кеңестерде – медициналық пункттер жұмыс істеді. Мәдениет мекемелерінің кең желісі қызмет етті. Ауданда денсаулық сақтау саласының калыптасуы мен дамуы қазақтың тұңғыш дәрігерінің бірі Мұхамеджан Қарабаев есімімен байланысты. Оның бастамасымен қымызбен емдейтін емхана ашылды, ол кейін туберкулезге қарсы санаторийге айналды. 1941 жылғы желтоқсанда қымызбен емдейтін емхана Мәскеу қаласының балалар үйінен 301 баланы қабылдады және соғыс аяқталғанға дейін осы мекемеге емделу үшін жаралылар мен науқастар түсіп отырды. Тарихи очерктердің деректері бойынша бірінші мектеп 1887 жылғы желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастады. 1954-55 жылдары барлық кеңшарларда мектептер ашыла бастады. Мектептер құрылысы үшін аудан ауыспалы Қызық Туды алды.  Ауданда 1931 жылғы мамырдан бастап қазақ және орыс тілдерінде аптасына бір рет аудандық газет шыға бастады.   

Меңдіқара ауданы Ресейдің Қорған облысымен шекараас. Оның аумағы 6,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданның әкімшілік құрылысын   12 ауылдық округ пен аудан орталығы құрайды.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы экономиканың басты секторы болып табылады.  Ауданда 480 ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген, оның ішінде   1 АҚ, 35 ЖШС, 444 шаруа қожалығы. 36 білім, 41 денсаулық сақтау мекемесі, 16 клуб, 30 кітапхана жұмыс істеуі. Қазіргі уақытта ауданда 29631 адам тұрып жатыр.

 Меңдіқара өлкесі тарихының үздік беттері әлі де алда. Өзінің кіші Отанына, далалы өлкені астық өлкесіне, бейбітшілік пен ізгілік өлкесіне айналдырған тамаша адамдарда деген мақтаныш – бұл нағыз отаншылдық деп айтуға болады, ол терең өзен сияқты меңдіқаралықтардың жүректерінде таусылмайды.