3 қаңтарда, Жаңа жылдың бірінші жұмыс күнінде Орталық аудандық модельдік кітапханада «Бірінші оқырман» акциясы өтті. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Ибраева Р.С., Мусинова А.К. және Давыденко Г.В. жағымды тосынсыйлар дайындады: кітапхана қызметкерлерінен құттықтау және таңертең кітапханаға келгендерге сыйлықтар. Биылғы жылы абонементте бірінші болып оқырман зейнеткер Ерденов Сайран Набинұлы, өлкетану секторында – «Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас бухгалтері Мұхаметжанова Ратгуль Амиргалиевна, ал оқу залында – Боровское ауылындағы жанармай құю станциясының жұмысшысыСоклаков Дмитрий Аркадьевич болды.