Қазақ халқының рухани құндылықтарының көне де көлемді тармағы – Домбыра аспабы және оның күйлері. Осы домбыра күніне орай Орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Абдрашева З.К. шығармашылық үйінің қатысушыларына «Қазағымның қазынасы – домбыра» тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шараға өнер мектебінің оқытушысы Мұстафин Хамит қатысты. Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Домбыраның сырт көрінісі қарапайым болғанымен, оның үні өзінің табиғилығымен, адам мүмкіншіліктеріне үндестігімен баурап алады. Кітапханашы балаларға домбырашылық өнердің пайда болуы, шығу тегі және қалыптасуы туралы айтып берді. Мұстафин Хамит Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа», Дина Нүрпейісованың «Бұлбұл» күйлерін орындап берді. Сонымен қатар экраннан «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетілді. Домбырамен ән айтып, күй шерту байырғы ата-бабаларымыз салып кеткен ізбен, шынайы ұлттық өнеріміз дәстүрінде жалғасуда. Ал бұл, өз кезегінде, болашақ заман иесі – келер ұрпаққа да жүктелер қасиетті де қастерлі міндет. Ендеше, алдағы күндерімізге де осындай ардақты міндеттер биігінен көз салуға тиістіміз
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/980-aza-ymny-azynasy-dombyra-gime.html#sigFreeId5cf2e94327