20 маусым күні Орталық аудандық кітапхананың кітапханашы Абдрашева З.К. Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп – интернатында оқушылардың қатысуымен қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кафе өткізді. Кітапханашы оқушыларға ақынның шығармашылығы жайында біраз мағлұмат берді. Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Қазақ лирикасында Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан. Қазақ әдебиетіне М. Жұмабаевтың кіргізген жаңалығы аз емес. Өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді. Осы орайда оны қазақтың бас ақыны, жүрек сөзінің жыршысы деуге толық негіз бар. Іс-шарада 11сынып оқушысы Төлебаева Мейрамгүл Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» өлеңінен үзінді оқып берді. Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңі болса да қазақ әдебиетінің тарихынан орын алуға әбден лайық.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/979-men-zhastar-a-senemin-atty-debi-kafe.html#sigFreeIde91a1c5dca