Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында орталық аудандық кітапхананың оқу залында абонемент кітапханашысы Р.С.Утетлеуова К. Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен «Вспомним всех поименно» атты ауыл ардагерлерін еске алу кешін өткізді. Кездесуге еңбек ардагері Литвиненко Валентина Павловна шақырылды, ол соғыс жылдарына келген балалық шағы, соғыстан кейінгі жастық шағы туралы ықыласпен айтты. Студенттер еңбек ардагерінің әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Қатысушылардың назарына Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттер, естелік кітаптар және ауданымыздың майдангерлері туралы өлкетану альбомы ұсынылды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/966-vspomnim-vsekh-poimenno-atty-eske-alu-keshi.html#sigFreeIdd2d77fc1c2