24 маусым күні Орталық аудандық модельдік кітапханада «Меңдіқара үні» аудандық газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Газет беттерін аударғанда» дөңгелек үстелде кездесу өтті. Кездесуге редакция ұжымы, аудандық мұрағат, АПБ, еңбек ардагерлері, К.Доненбаева атындағы кәсіптік колледж студенттері шақырылды. Кездесу қонақтары газеттің ардагерлері Н.Ф. Любащенко, В.И.Фетисов, бұрынғы тілшісі Т.М. Дүйсенбаева, қазіргі қызметкерлер - аудандық газетінің редакторы және корреспондент - Абай Сельмуканович Шаяхметов және тілшісі Карина Мазова естеліктерімен ойларымен бөлісті. Мұрағатта сақталған құжаттар туралы газет редакциясына аудандық мұрағат қызметкері баяндап берді. Редакция ұжымымен ынтымақтастығы туралы Меңдіқара АПБ бастығы Н.М. Шудегова әңгімелеп берді. Мерейтойлық кездесу фотосессиямен аяқталды.