Музыка – қазақ халқының мәдени мұрасы, өткен ғасырлардың жаңғырығы... Отандық мәдениеттің, халқымыздың салт-дәстүрімен әдет-ғұрыптарының қайнар көзін білу еліміздің тарихының көптеген сәттерін түсінуге және түсіндіре алуға көмектеседі.

 

8 маусым күні «Қазақтың ұлттық құндылықтары» жобасы аясында Орталық аудандық модельдік кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С.Ыбраева және өлкетану бөлімінің кітапханашысы З.К. Абдрашева композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Дәуренұлы Сауекеновтың 70 жылдығына арналған «Музыка – менің жаным!» имидж – коктейлін өткізді. Кездесуге «Золотая пора» және «Алтын ұя» клубтарының мүшелері, «Юбилейный» МҮ қызметкерлері шақырылды. Іс-шара жүргізушілері қатысушыларды Б.Д. Сауекеновтың өмірбаянымен және шығармашылық қызметімен таныстырды. Іс-шара барысында мерейтой иесінің, сондай-ақ «Әжелер» ансамблінің, «Подвиг» ардагерлер хорының орындауында әндер шырқалып, «Юбилейный» МҮ әртістерінен музыкалық құттықтаулар айтылды.

 

Іс-шара соңында Бақытжан Дәуренұлы кездесуді ұйымдастырушыларға жылы шыраймен қарсы алғандары үшін алғысын айтты, ал кітапханашылар мерейтой иесіне сурет сыйға тартты.