2021 жылғы күнтізбе кез-келген жылдың күнтізбесі сияқты мәнді күндермен оқиғаларға бай. Бірақ біз арнайы ескеретін ерекше күндер бар. Бұл Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің құрылуының 30 жылдығы ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күні, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы. Осы даталарға орай аудандық орталық модельдік кітапхана қызметкерлері «Рухани білімнің қайнар бұлағы. Источники духовного знания» атты кітапханалық ақшамын өткізді. Іс – шараға аудан орталығы мектептерінің оқушылары мен К. Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж студенттері және аудан мектептерінің педагогтары шақырылды.
Кітапханалық акшамның бағдарламасы 10 станциядан тұрды. Іс-шараның қонақтары бірден жолдардың қайсысы және қайда бару керектігін таңдай алды. Әр станцияда кеш қатысушылар күйлер, әндер, билер, қойылымдар арқылы оқырмандарды қуантты.
Абонементте қонақтар назарына жергілікті суретші Владимир Владимирович Гавриловтың суреттері ұсынылды. Вернисаж «Табиғат суретшінің көзімен» атты тақырыппен өтті. Суретшіні туған өлке табиғатының жүрекке әсем жерлері, жыл мезгілдері бір-бірін алмастырып, өз шығармашылығында шабыттандырды. Суретші пейзаждарға көп күш, еңбек және жанының бір бөлшегін салды.
Оқырмандар іс-шарада көп нәрсе білді. Келушілердің назарына «Даналық әліппесі» кітабын ұсынды, онда балалар «сөйлейтін қалам» көмегімен кітаптың бетіне қалам ұшын тигізу арқылы қазақ халқының ұлттық аспаптарын дыбыстайды.
Кітапханалық акшам Боровской өнер мектебінің тәрбиеленушілері және «Юбилейный» МҮ әртістерінің орындауында шағын концертімен аяқталды. Қатысушылар грамоталарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/905-rukhani-bilimni-ajnar-b-la-y.html#sigFreeId22ff04cc2e