20 ақпан күні, сағат 16-00-де кітапханашы Абдрашева З.К. Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының интернатында «Табиғат - асыраушың, қамқоршың» атты тақырыпта экологиялық сағат өткізді.
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Осыған байланысты оқушыларға тапсырмалар берілді: сұрақ-жауап, «Мықты болсаң, тауып көр» жұмбақ шешу, табиғатқа байланысты тыйым сөздер, викториналық сұрақтар.
Балалар өте белсенді қатысып, өз білімдерінің жақсы деңгейде екендіктерін көрсетті. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы білгендерімізді ортаға салдық.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/603-tabi-at-asyraushy-am-orshy-atty-ta-yrypta-ekologiyaly-sa-at-tkizdi.html#sigFreeIdd1c59f7313