13.12.2019ж  Мәдениет үйінде «Үлы Отан, қасиетті жер Қазақстан!» атты кітап көрмесі откізілді. Көпшіліктің  назарларына  тәуелсіздік туралы көптеген кітаптар ұсынылды. Биыл  Еліміздің  Тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр.Тәуелсіздік -  ата бабаларымыздың асыл арманы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында ,  қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды.