3 мамыр күні сағат 17-30-да кітапханашы Абдрашева З.К. Ғ. Жұмабаев атындағы мектептің интернатында «Ел сүйсінер ұлан бол» тақырыбында турнир өткізді. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырма берілді.
Бірінші топқа: «Отан сүйер ұлан бол» ой толғау.
Екінші топқа: Отан, ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер айту.
Келесі кезекте болашақ сарбаздардың күштерін сынап көру.
Ойынның шарты:
- Гир көтеру;
- Жерден кеудесін көтеру;
- Қол күрестіру.
Халқымыз ер жігіттің бойынан «Алты асыл қасиет», «Үш асыл мінез», «Ажырамас үш серік» табылуын талап еткен.
-Зерде зейіні, өнер өрісі, тапқырлық, талап, ерлігі, білімі, жігер күші, қайрат қаруы болсын деп тілеген. Осы талаптар «Алты қасиет» деп аталады.
-Адал болу, әділетті болу, шыншыл болу. Бұлар ер жігіттің «Үш асыл мінезі» деп аталады.
-Тұлпар, ақыл-айла, адал дос. Бұлар ер жігіттің «Ажырамас үш серігі» деп аталады.
Оқушыларға осы талаптар туралы айтылды. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашан да мақтан тұтамыз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/517-el-s-jsiner-lan-bol-ta-yrybynda-turnir-tkizdi.html#sigFreeId6217361b77