2019 жылғы 17 мамырда  сағат 14-00-де орталық аудандық кітапханада Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, тамаша ақын Ж. Баязидтің 85 жасқа толуына орай әдеби қонақжай өткізілді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.


Кітапханашылар Абдрашева З.К. мен Ерсултанова Г.М. қатысушыларды ақын Жолбарыс қажы Баязидтің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Ғ.Жұмабаев ат. мектеп-гимназиясының оқушылары Кабташарова Шынар, Мұхамбетқали Ажар, Орыналы Лаура, Жакенова Жанерке Ж. Баязидтің «Қостанайым», «Шыңдағы шынар», «Туған өңір», «Махаббат жыры» атты өлеңдерін оқыды. Ал «Мой народ», «Утешение сердцу» атты өлеңдірін Первомай ауылының  орта мектебінің оқушылары Игубаева Карина, Естаев Бекзат оқыды. Ақын Отан және ерлік,  ана ерлігі, өз жерлестерінің еңбек жетістіктері, қайта құрудың қиындықтары мен жетістіктері туралы жазады. Ж. Баязидтің өлеңдерін республикамыздың көптеген композиторлары музыкаға салған. Көптеген әндер Қазақстан Республикасының халық және еңбек сіңірген әртістерінің орындауында, республикалық радио мен теледидар арқылы орындалады. Ж. Баязидтің өлеңдеріне жазылған әндер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде де танымал.