20 мамыр күні, сағат 16-00-де кітапханашы Абдрашева З.К. санаториялық мектеп-интернатта «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер» атты еске алу кешін өткізді. 1937-38 жылдары құрбан болған Алаш ардақтылары А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Майлин, Т. Рыскұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Н. Төрекұлов туралы оқушылар өз білгендерімен бөлісті, білімділіктерін көрсетті. Мысалы, 8 сынып оқушысы Марат Зейнеп Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деген өлеңін жатқа айтып берді.


«Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз ауылымның иттері үріп қапқаны», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық,бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені баршамызға белгілі.