24 сәуір күні 18-30 с. орталық аудандық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ибраева Р.С. мен абонемент кітапханашысы Ерсултанова Г.М. «Жүректі қобалжытар өлеңдерім...» атты ақындық марафоның  өткізді. Бұл іс-шара біздің жерлесіміз, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының  лауреаты, Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы Жолбарыс Баязидтің 85 жасқа толуына арналған.  


Ақындық марафон  «Отан туралы өлеңдер», «Махаббат туралы өлеңдер», «Еліміздің патриоттарына арналған өлеңдер» тақырыбы бойынша екі тілде откізілді. Ғ.Жұмабаев ат. Боровской орта мектеп-гимназиясының оқушылары Бекбосын Мадина, Кабташарова Шынар, Мұхамбетқали Ажар, Орыналы Лаура Жолбарыс Баязидтің «Қостанайым», «Шыңдағы шынар», «Туған өңір», «Махаббат жыры» атты өлеңдерін, А.Шотаев ат.Боровской орта мектеп-гимназиясының оқушылары Ансаганов Бекзат, Арцыбасова Виолетта, Банникова В., Шрайбер Илья «В минуты последнего дыхания», «Сердце мое» атты өлеңдерін, ал «Мой народ», «Утешение сердцу» атты өлеңдірін Первомай ауылының  орта мектебінің оқушылары Игубаева Карина, Естаев Бекзат, Крупская Алина, Чебец Данил оқыды. Оқушыларға тәтті сыйлыққа ие болды.

.