«Роллан Сейсенбаев — голос против ядерных испытаний» әдеби сағат

Теңіз ауылдық кітапханасында белгілі қазақстандық жазушы, драматург және қоғам қайраткерінің шығармашылығына арналған «Роллан Сейсенбаев — голос против ядерных испытаний» атты әдеби сағат өтті.

Кітапханашы  Шамағанова А.Т. қатысушыларды Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасымен, оның қоғамдық қызметімен және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарына қарсы күресімен таныстырды. Жазушының бейбітшілік пен қоршаған ортаны сақтауға шақыратын шығармаларына ерекше назар аударылды.Іс-шараға Роллан Сейсенбаевтың шығармашылығы мен ядролық қарусыздану тақырыбына арналған кітап көрмесі ресімделді. Әдеби сағат оқырмандардың бейбіт болашақ үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.