«Очистим планету от мусора» библиоэкотур
«Біз үлкен және әдемі әлемде тұрмыз» жобасы аясында Степанов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Короткова Екатерина Викторовна 5 сынып оқушылары үшін «Очистим планету от мусора» атты библиоэкотур экологиялық іс-шарасын өткізді.
Орманға серуен кезінде балалар «Планетаны қоқыстан жина» экологиялық ойынына қатысып, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін, қоршаған ортаның тазалығы мен жасыл желектерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын талқылады. Танымдық әңгімеден кейін таза ауада шағын пикник өтті. Соңында балалар құстар мен орман жануарларына арналған тағам қалдырды.
Іс-шара экологиялық мәдениетті, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал ете отырып, қызықты және танымдық өтті.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1539-ochistim-planetu-ot-musora-biblioekotur.html#sigFreeId9065e2a3f5










