«Ұлағатты ұстаз»  еске алу сағаты

Тамыз айының 12 жұлдызында еңбек ардагері, үлгілі ұстаз Қажен Қөшмурзинннің туғанына 95 жыл толып отыр. Осы атаулы мерейтойға орай Төлеңгіт ауылдық кітапханасында кітапханашы А.А.Ахметованың ұйымдастыруымен балаларға арналған «Ұлағатты ұстаз» атты еске алу сағаты өтті. Мақсаты – жас ұрпаққа ұстазды құрметтеуді, білімге деген қызығушылықты арттыру және үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Еске алу сағатында кітапханашы ұлағатты ұстаз, елге еңбегі сіңген Меңдіқара ауданының  Құрметті  азаматы Қажен Қөшмурзиннің өмір жолы мен педагогикалық қызметі  туралы  кеңінен айтылды. Ұстаздың білім беру саласына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиесіндегі  өнегесі, адамгершілік қасиеттері мен ел-жұртқа жасаған  еңбегі еске алынды.

Іс-шара барысында оқушыларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы, білім мен тәрбие берудегі ұстаздардың рөлі туралы айтылды. Ұлағатты ұстаздардың өнегелі өмірі мен еңбегі дәріптеліп, олардың есімдерін құрметпен еске алу мақсатында әңгіме жүргізілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, ұстаздарға деген алғыстарын білдірді. Шара тағылымды әңгімелермен қорытындыланды.