«Туған жердің дара перзенттері» кітап көрмесіне шолу

"Қостанай Фестивалі" бағдарламасында Орталық аудандық модельдік кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы К. К. Балабаев «Туған жердің дара перзенттері. Великие люди малой родины» кітап көрмесіне шолу жасады. Меңдіқара ауданы-ағартушылар мен батырлар, еңбекшілер мен жасампаздар елі. Олардың қатарында аты аңызға айналған туған жердің қорғаушылары Тұрсынбай батыр мен Мандай батыр, тұңғыш дәрігер-қазақ Мұхамеджан Қарабаев, педагог және жазушы Спандияр Көбеев, Социалистік Еңбек Ері Қамшат Дөненбаева, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов бар. Көрме туған өлкенің тірі шежіресі, өткен мен болашақ арасындағы рухани көпір, күнделікті еңбегімен, талантымен және ерлігімен ел тарихын құрған адамдарға құрмет болды.