Кітапханаға М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының бір топ студенттері келді.
Топты филология кафедрасының меңгерушісі профессор Власова Г.И. және оқытушы Афанасьева Н.С. басқарды. Мақсаты – фольклорлық практика үшін өлкетану бойынша материал жинау.
24 маусымда Орталық аудандық модельдік кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Ибраева Р.С. мен Қиялов А.К. Астана қаласынан келген қонақтарға экскурсия өткізді.
Кітапханашылар Меңдіқара ауданыныңкиелі жерлері туралы айтып, қонақтарды өлкетану әдебиеті қорымен, ауыл мен аудан тарихы бойынша тақырыптық папкалармен, көрнекті меңдіқаралықтардың жеке папкалары-досьесімен және «Меңдіқара ауданының киелі жерлері» баннерімен таныстырды.










