Қыс мерекелерге, ойын-сауықтарға бай. Алайда, қыстың кешінде қызықты кітап оқудан ләззат алуға ештеңе жетпейді! 5 қаңтарда Жаңа жылдың бірінші жұмыс күнінде Орталық аудандық модельдік кітапханада дәстүрлі «Бірінші оқырман» атты акциясы өтті. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Абдрашева З.К. мен Утетлеуова Р.С. жағымды тосынсыйлар дайындады: кітапхана қызметкерлерінен құттықтау және таңертең кітапханаға келгендерге сыйлықтар. Биыл абонементте бірінші болып Топонарь Татьяна Николаевна, ал өлкетану секторында – Балабаева Сара Ақанқызы болды. Кітапханашылар оқырмандарды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, оларға таңғажайып және қызықты кітап жылын тіледі!
Бізге келіп, қызықты кітап таңдап, әдебиет әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Біз сіздерді кітапханамызда көргенімізге өте қуаныштымыз!
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1380-birinshi-o-yrman.html#sigFreeId544f8dbe4d