Желтоқсан айының 13 жұлдызында Орталық аудандық модельдік кітапханасының кітапханашылары Абрашева З. Қ., Балабаев Қ. Қ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Елімнің еркін жолы - Тәуелсіздік» атты бейне - лекторий өткізді.
Іс - шараға желтоқсан оқиғасының қатысушылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мектеп директорлары мен К. Дөненбаева атындағы кәсіптік - техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Бейне - лекторийге жиналған қатысушылар мен қонақтарды Меңдіқара ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысханым Шарапиқызы Изимова құттықтап, ата – бабаларымыз Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қан төгіп, әрең дегенде Тәуелсіздік Туын желбіреткені туралы айтып кетті. Іс - шара барысында сөз желтоқсан оқиғасының қатысушысы Әділ Өтегенұлы Кушановқа берілді. Әділ Өтегенұлы 1986 жылы болған оқиғаны баяндап берді. Аналар кеңесінің мүшесі Наталья Ивановна Козлова жиналған қонақтарды мерекемен құттықтап, өзінің қыл қаламынан туған өлеңін оқып берді.
Кітапханашылар Тәуелсіздік мерекесіне арнап жасаған видео – лентаны жиналған қонақтарға көрсетіп, шолу жасады.
Шараға К. Дөнебаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжінің студенттері де белсене қатысып, екі тілде өлеңдерді нақышына келтіріп, оқып берді.
Меңдіқара ауданы Жастар ресурстық ортылығы жастарының атынан Илья Анатольевич Бакин сөз алып, жастардың ата – бабалар алып берген Тәуелсіздік туын қастерлеп, әрқашан үлкен құрметпен қарайтыны жайлы айтып өтті.
Соңында аудандық мәдениет үйінің әдіскері Маутанов Ғалымжан Тауқашұлы «Еркіндіктің аппақ тілегі» атты термесін орындады.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1376-elimni-erkin-zholy-t-uelsizdik-bejne-lektorij.html#sigFreeId6d6d27dc46