Орталық аудандық модельдік кітапхананың кітапханашылары педагогикалық ұжыммен және Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиеленушілерімен ұзақ уақыт ынтымақтасып келеді. Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында кезекті іс-шара өтті. Кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Теплым словом – теплым делом» атты мерекелік кешін өткізді. Балалар «Красная Шапочка» ертегісінің сахналануын тамашалады, «Мы веселые ребята», «Ловишки» қимыл-қозғалыс ойындары және «Добрые и вежливые слова» доппен ойынын ойнады. Жарқын және жайлы залда өзара түсіністік, көңілді және ойын толқуы болды. Кездесу соңында балалар тәтті сыйлықтар алды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1352-teplym-slovom-teplym-delom-atty-merekelik-keshi.html#sigFreeIdfa2dd451f6