13 қыркүйек күні Архипов ауылының кітапханашысы О. В. Зайцева «Ратный путь Сагадата Нурмагамбетова» атты ақпараттық сөре дайындап, «Мудрость» клубының мүшелеріне Сағадат Қожахметұлының өмірі мен қызметі туралы әңгіме-шолу өткізді. Кітапханашы С. Нұрмағамбетов туралы бейнематериалдарды, мерзімді басылымдардан үзінділерді пайдаланды және батырдың еңбектерімен – кітаптармен таныстырды. Оларда автор бізге барлық шындықты жеткізеді, соғыста болғанындай, тарих сабақтары туралы ой жүгіртеді. Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов есімімен Қазақстан қалаларындағы көшелер мен әскери оқу орындары аталды, ескерткіштер, мемориалдық тақталар мен мұражайлар ашылды. Сағадат Қожахметұлының мүсіні Мәскеудегі Поклонная тауындағы Ұлы Отан соғысының орталық мұражайында бар. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өзінің терең білімімен, адалдығымен және әділдігімен жоғары бедел мен құрметке ие болды. Іс - шара презентация көрсетілімімен және «Кеңес Одағының Қазақстандық Батыры-Сағадат Нұрмағамбетов» бейнефильмімен сүйемелденді. Оқырмандардың айтуынша, іс-шара қызықты әрі танымдық болып шықты.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1331-ratnyj-put-sagadata-nurmagambetova.html#sigFreeId58aa5cf3b7