Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып есептелінеді. Биылғы жылы бұл мейрам 8 қыркүйек күнімен тұспа-тұс келіп тұр.
Отбасы мерекесіне орай қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ибраева Р.мен кітапханашы Абдрашева З. барша облыс, аудан көлеміне танымал, өнерлі де өнегелі отбасы Тобыл-Нұржамал Болатовтар әулетімен «Бәрі де қара шаңырақтан бастау алады» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
Шара мақсаты – аудан төңірегіндегі үлгілі отбасылардың жаңа модельін құрастыра отырып, жас ұрпақтың бойына дәріптеу.
Мерекелік жиынға аталмыш отбасының жора-жолдастары, ауылдастары мен әріптестері қатысты. Шарада Тобыл мен Нұржамал Болатоватар алғаш танысқан шақтары мен отбасылық қызықтарын ортаға салды. Бала тәрбиесі, шаңырақтың берекесі мен бірлігі жайлы түрлі отбасылық сұрақтарға жауап беріп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Шараға аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін жиылған жұртшылыққа па етті.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1330-elimizde-yrk-jek-ajyny-ekinshi-zheksenbisi-otbasy-k-ni-bolyp-eseptelinedi.html#sigFreeId3fcf6944ea