Қыркүйек айының 10 жұлдызында кітапханашы А.К. Мусинова Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-интеранатының тәрбиеленушілерімен «Түркі жұртының тұңғыш нциклопедиясы», «Диуани лұғат-ат түрік» сөздігің 950 жылдығына арналған іс-шараны өткізді. Аталмыш шараға 15 оқушы белсене қатысып, берілген ақпараттармен, қойылған сұрақтарға жауап беріп, шараға белсене атсалысты.
Махмұд Қашқаридың бұл сөздігі 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазылған түрікше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері.
Сөздіктің қазіргі таңда бізге жеткен аударма нұсқалары, қазақ тіліне аударылған нұсқалары біздің кітапхана сөрелерінен орын алған. Шарада оқушыларға сөздіктің бірнеше томдық кітаптары таныстырылып, ауқымды сөздік жайлы тың ақпараттар берілді.