Тамыз айының 8-ші жұлдызында Орталық аудандық модельдік кітапхана кітапханашысы Мусинова А.К. қазақтың ұлы ақыны, философ, аудармашы, публицист Абай Құнанбайұылының 179 жылдығына орай «Әлемдік ойдың алыбы» атты әдеби-шығармашылық қонақжайын өткізді. Шара М.Қарабаев атындағы сауықтыру орталығының демалушыларымен бірге ұйымдастырылды. Кітапханашы Мусинова А.К. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толық ақпарат беріп, сол ақпараттар бойынша жиылған қонақтарға сұрақтар қойылды. Демалушылар ұлы ақынның қара сөздеріне тоқталып, өлеңдерін жатқа оқып, Абайдың қазақ өнеріне танымал әндерін қосыла шырқады. Демалушылар сұрақтарға толығымен жауап беріп, шараға белсене қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Іс-шарада Абай Құнанбайұлының қара сөздерімен өлеңдерінен құралған 13 кітап таныстырылды.