Орталық аудандық модельдік кітапхананың оқу залында Отан қорғаушылар күніне арналған «Қазақстан, ел ұлдарымен мақтан» атты кездесу өтті.
Іс-шараға Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Сандыбеков, Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Д. М. Бикадамов, аудандық орталық мектептерінің АӘД мұғалімдері Р. Б. Бақбергенов және Г. Е. Игисенов, А. Шотаев атындағы мектеп - гимназиясының және Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары шақырылды.
Іс-шараға қатысушыларды бірінші болып М. Б. Сандыбеков келе жатқан мерекемен құттықтады.
Содан кейін жүргізушілер әдіскер Л.А. Раимбекова мен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. К. Мусинова қатысушыларды Тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен таныстырды. Әңгіме бейнероликпен толықтырылды.
Данияр Маратұлы Бикадамов армияның не екенін айтып, әрбір тәуелсіз ел үшін өзінің қарулы күштері мен Отанына, халқына және әскери антына адал кәсіби дайындалған сарбаздар мен офицерлер қажет екенін атап өтті. Жоғары сынып оқушылары қонақты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Жастардың арасында өздерін әскери іске арнағысы келетіндер бар екені анықталды. Данияр Маратұлы кадрлық әскери болу үшін не істеу керектігі, Қарулы Күштер қатарында мерзімді қызмет өткерген жастарға қандай перспективалар ашылатыны туралы айтып берді.
Кездесу барысында армия мен әскери қызметшілерге арналған өлеңдер мен «Юбилейный» МҮ әртістерінің орындауындағы патриоттық әндер шырқалды. Іс-шараға «Отанға қызмет ету үлкен абырой» атты кітап көрмесі ресімделді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1271-aza-stan-el-ldarymen-ma-tan.html#sigFreeId1086707c50