2 мамыр күні Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп-интернатында кітапханашы Абдрашева З.К. қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер, ақын, аудармашы Ғаббас Жұмабаевтың 100 жылдығына арналған «Дана да дара тұлға» атты әдеби қонақжай өткізді. Қай салада болмасын жұлдызы жарқыраған адамдар шыға берген. Солардың ішіндегі өткендерінің ізін жалғап, өзінен кейінгілерге әдемі үлгі-өнеге, рухани азық қалдырған Ғаббас Жұмабаев та сөз өнерінде өзінің өшпес орнын алды. Кітапханашы оқушыларға жазушының көптеген өлеңдер жинағының туындыгері екенін айтып өтті. Атап айтқанда, «Нөсер», «Қоңыржай», «Мерей», «Жомарт күз», «Арманым» атты кітаптары оқырман қауымның жоғары бағасына әлдеқашан ие болып қойған. Іс-шара барысында оқушылар ақынның қаламынан туындаған өлеңдерін нақышына келтіре орындап берді. Өзінің туған өлкесі Меңдіқара мекеніне өлшеусіз еңбек сіңірген талант иесі Ғаббас Жұмабаевтың есімі мәңгі есте қалады. Оның қалдырған рухани мұрасы туған халқымен бірге жасай береді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1270-dana-da-dara-t-l-a.html#sigFreeId5e569dbd81