«Махаббат қызық, мол жылдар» атты отбасылық, мерекелік іс-шарасы
Сәуір айының 12-ші жұлдызында кітапханашы Мусинова А.К. «15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған «Махаббат қызық, мол жылдар» атты отбасылық, мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Шараға: Қожасағиевтар, Ыбраевтар, Татимбетовтар отбасы белсене атсалысты. Мерекелік шара 5-бөлімді құрады. 1-кезең: «Таныстыру», 2-кезең: «Махаббат лирикасы», 3-кезең: «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?», 4-кезең: «Әнді тап», 5-кезең: «Ойын».
5-кезеңнен құралған мерекелік іс-шарада қатысушы отбасы мүшелері жұбайымен алғашқы таныстықтарын қуанышпен еске түсіріп, бөліскен болатын. Жұп-жұбымен әндетіп, өз өнерлерін жиылған қауымға паш етіп, өз ақылдары мен білімдерін ортаға салды. Махаббат лирикасы, ұлттық-салт дәстүрлер, қазақстан тарихынан келген сұрақтарға қатысушы отбасылар жаңылмай жауап беріп, өз білімдерін сыңға салды. Қазақ тілі әндерінің орыс тіліне аударылған нұсқасын тыңдап, ұшқыр да жүйрік ойларымен ән аты мен орындаушыларын тапты. Шара соңында қызықты да қиын ойын түрлерін ойнап, өз жүйріктіктерін көрсетті.
Мерекелік жиын соңында қатысушы отбасыларға мадақтама қағаздары мен тәтті сыйлық түрлері табыс етілді. Өнегелі отбасы – Ыбраевтар, Өнерлі отбасы – Қожасағиевтар, Мерейлі отбасы – Татимбетовтар отбасы номинациялар табысталды.
Іс-шараға қолдау білдіріп, мерекелік жиында өз өнерлерін көрсеткен «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздарына өз алғысымызды білдіреміз
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1255-ozy-men-k-rpesh-protokol.html#sigFreeId02b84d4222