1 наурызда Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Орталықаудандық модельдік кітапханада «Шын жүректен алғыс айтамыз» атты жақсылық эстафетасы өткізілді. Іс-шараға «Жаса» қоғамдық қорынан «Краеведы» шығармашылық үйірмесінің мүшелері шақырылды. Қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С. Ибраева балаларды Алғыс айту күнінің тарихымен таныстырып, «Алғыс», «жақсылық», «мейірімділік» ұғымдарының жан-жақтылығын ашты. «Қарт адамға көмектес», «Қоқысты жина», «Фотосурет», «Эстафета дәмді! Тәтті кәмпит», «Мейірімді және сыпайы сөздер» доппен ойнау, «Сыпайы сөйле»ойындары үлкен жандануға себеп болды. Іс – шара соңында балалар қорытынды жасады: Алғыс айту күні-бұл ашық жан, бөлісуге дайын және қиындықта бір-біріне көмектесуге дайын күн.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1226-shyn-zh-rekten-al-ys-ajtamyz-atty-zha-syly-estafetasy.html#sigFreeId8b72c6b04c