16 ақпан күні кітапханашы А.К. Мусинова Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-интернатында әйгілі ақын, күйші, композитор, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Атадан туған ардақты ер» атты тарих керуен өткізді. Шараға мектеп-интернатының 20 тәрбиеленушісі қатысты. Іс-шара басында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттар берілді. Кітапхана сөрелерінен орын алған Махамбет Өтемісұлының кітап беттеріндегі шығармаларын оқушылар нақышына келтіріп, оқып берді. Оқушылар тың ақпараттармен танысқан соң, шара соңында жалынды жыршымыз жайлы қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді. Белсене қатысқан оқушылар мен барша қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.