Орталық аудандық модельдік кітапханада Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына арналған «Бейбіт өмір батырлары» атты ардагерлерімен кездесу өтті. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Давыденко Г.В. Ауған соғысының тарихын, Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің не үшін енгізілгенін қысқаша айтып берді. Ардагерлер Александр Васильевич Маскалов пен Григорий Александрович Корниенко өз қызметтері туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Содан кейін «Ауған – ұмытылмас өткен» кітап көрмесінің шолуын, А.Розенбаумның орындауындағы «Караван» әнін тыңдадық. Қорытындылай келе, олар ардагерлермен ортақ фотосурет түсірді.