1 желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС–пен күресу күніне орай Орталық аудандық модельдік кітапханың кітапханашысы А.К. Мусиновамен ұйымдастырылған Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне, мектеп дәрігері Роза Каденованың қатысуымен «Жасөспірім денсаулығы – ел болашағы» атты ашық диалог өтті. Шара барысында кітапханашы және дәрігер ЖИТС жайлы толық ақпарат бере отырып, аурудың таралу жолдары мен қатерлі ауру жайында да баяндама оқылды. Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі спорт үйірмелеріне қатысудың пайдасы зор екенін алға тартып, оқушылардың өз ойлары ортаға салынып, талқыланды. Оқушылар ЖИТС жайлы толық ақпараттармен қамтылып, осы ауру түріне шалдыққан адамдардың суреттері көрсетілді.
Тәрбиеленушілердің барлығы салауатты өмір салтын ұстанған. Дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтап, түрлі спорт үйірмелеріне қатысатын көрінеді. ЖИТС жайлы өз ойларын ашық айтып, елімізде түрлі зиянды заттарға тиым салса екен деп өз ұсыныстарын білдірді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1090-zhas-spirim-densauly-y-el-bolasha-y-atty-ashy-dialog.html#sigFreeId9e9aabf53a