10 қарашада Орталық аудандық кітапханада «Ұлттық валюта - ұлт келбеті» атты экономикалық боулингі өтті. Жүргізушілер қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С. Ибраева мен абонемент кітапханашысы Р. С. Утетлеуова ақшаның қалыптасу тарихы және қазақстандық теңгенің туу процесі туралы айтып берді.
Іс-шарада Halyk Bank АҚ бөлімшесінің бастығы Есенов Ұлан Хамзинұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Меңдіқара аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің басшысы Гүлшайым Алтынқызы Ибраева сөз сөйледі.
Өз сөзінде олар мемлекет пен қоғам өміріндегі ақшаның маңызды рөлін атап өтті, ақшаны қалай пайдалануға, отбасылық бюджетті дұрыс есептеуге және өзінің «қауіпсіздік жастығын» құруға тоқталды, қатысушыларға депозиттер ашу және ипотекалық тұрғын үй сатып алу кезінде ұлттық валютаның артықшылықтары туралы айтып берді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында қатысушылар ақша туралы мақал-мәтелдерді еске алып, теңге туралы жұмбақтар шешті. «Менің Отаным-Қазақстан!» атты викторина өткізілді. «Юбилейный» МҮ маманы Маутанов Г. С. екі музыкалық нөмірді ұсынды.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1057-ltty-valyuta-lt-kelbeti-atty-ekonomikaly-boulingi.html#sigFreeIdbbb84f14d0