2023 жылдың 6 қазанында Орталық аудандық модельдік кітапхананың оқу залында мүгедектер күніне орай «Вечный отзвук Любви и Надежды!» атты қайырымдылық бұлағын өткізді.  Мерекеге мүмкіндігі шектеулі жандар, бірақ ерекше рухы бар, талантты, көңілді, мейірімді адамдар қатысты. 

Қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С. Ибраева мен абонемент кітапханашысы Р. С. Утетлеуова мүгедектер күнінің шығу тарихын, біздің қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарасы туралы айтып, қатысушыларға денсаулық, үміт, оптимизм және болашаққа деген сенім тілектерін жылы сөздермен жеткізді. Оқырмандар достық, жанашырлық және мейірімділік туралы әңгімеге белсенді қатысты. Жүргізушілер конкурстық-ойын-сауық бағдарламасын ұсынды, оған барлық қатысушылар шын көңілмен қосылды. «Юбилейный» МҮ маманы Г. С. Маутановтың және «Подвиг» вокалдық тобының қатысушыларының орындауында жүрекке жылы тиетін әндер шырқалды. Іс-шараға қатысушылар кездесуге қуанышты болды, әңгімелесті, пікір алмасты, хоббиімен бөлісті, өткен жылдарды еске алды.  Мереке  үйде пісірілген  нан өнімімен және шаймен аяқталды. Қонақтар кітапхана қабырғаларын керемет көңіл-күймен және қызықты кітаптармен қалдырды.