Орталық аудандық модельдік кітапхананың кітапханашылары Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен және «Юбилейный» МҮ-мен бірлесіп, жазушы Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына орай «Көрнекті ұстаздың ұлағаты. Назидание выдающегося учителя» мерейтойын өткізді.
Кездесуге С. Көбеевтің немересі Көбеев Қуанышбек Назирұлы, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК басшысының орынбасары Сазанбаева Салима Сәбитқызы, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Нұрмағамбетова Алматай Тойманқызы, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Дүйсенбаева Ботагөз Әділбекқызы, Меңдіқара ауданының «Ардагер» ҚБ басшысы Изимова Рысқаным Шарапиқызы, «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Байтемирова Алия Мырзағалиқызы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сәуекенов Бахытжан Дәуренұлы, Педагогикалық еңбек ардагері Утеулина Нұргүл Жұмаділқызы, Санаторлық мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есетова Алтыншаш Қарабайқызы, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, Қ. Дөненбаева ат. кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп - гимназиясының оқушылары шақырылды.
Жүргізушілер (қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С. Ибраева және абонемент кітапханашысы Р. С. Утетлеуова) қатысушыларды дарынды педагог пен жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. 1913 жылы жарық көрген және С. Көбеевке Қазақстанның тұңғыш прозашысының есімін берген «Қалым мал» романына ерекше назар аударылды.
Қонақтар белгілі ағартушының жеке басы туралы, оның Қазақстанның білім беру және педагогика ғылымын дамыту ісіне қосқан баға жетпес үлесі туралы көптеген жылы сөздер айтты. Немересінің естеліктері ерекше құнды және қызықты болды.
Ғ. Жұмабаев ат. мектеп-гимназия оқушылары «Қалың мал» романынан үзінді көрсетіп, жақсылық пен жамандық, тәрбиелік пен әдептілік туралы әңгімеледі.
Көбеев шәкірттерінің естеліктеріне сәйкес, олардың көпшілігі поэзияға әуестеніп, өздерін өлең жазуда сынаған. Сондықтан кездесуде қазақ поэзиясының жанды сөзі айтылды: Б.Д. Сәуекенов өзінің «Ұстазыма» өлеңін оқып, «Ұстаз» әнін орындады, А. К. Есетова «Ы. Алтынсарин мен С. Көбеевтің ағартушылық идеяларының үндестігі» атты өлең оқыды . Іс-шара «Юбилейный» МҮ қызметкерлерінің орындауындағы музыкалық композициялармен жалғасты.
Б. А. Дүйсенбаева «Абзал ағартушы, тұңғыш жазушы» кітап көрмесіне шолу жасап, онда сирек басылымдар, мұрағат материалдары , сондай-ақ С. Көбеевтің кітаптары ұсынылды.
Іс-шараға Абай ат. жалпы білім беретін мектептің ( Қостанай қ) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балабиева Дина Әбілханқызы және оның шәкірті Жанғон Әлібек Асқарұлы қатысты, олар оқушылардың облыстық ғылыми жобалар байқауына С. Көбеев туралы материал жинауға арнайы келген. Олар іс-шараның маңыздылығын, өзектілігі мен қанықтылығын атап өтті.
Жазушының мерейтойын шай үстелінде аяқтады. Іс-шараға «Саят» дүкенінің иесі кәсіпкер Орал Қапарұлы Нұрабаев демеушілік жасады.
Кітапханашылар барлық қатысушыларға жемісті ынтымақтастығы және мерейтойлық кешті өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
https://mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1015-k-rnekti-stazdy-la-aty-spandiyar-k-beevti-145-zhyldy-yna-oraj.html#sigFreeIda5e1a17077