10 тамыз күні кітапханашы Жрембаева З.М. Меңдіқара аудандық шығармашылық үйінде «Жыр жауhары Абай» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кітапханашы Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен халық ағарту ісіне арнаған өлшеусіз қызметі жайында кеңінен мағлұмат берді. Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін А.Шотаев атындағы мектеп- гимназиясының 7 сынып оқушысы Алимов Назар мәнерлеп оқыды. Абай өзінің шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Құнанбаев бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. «Жыр жауhары Абай» атты әдеби кешке балалар белсене қатысып, өз қызығушылықтарын танытты. Кеш өз деңгейінде өтті.