"Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" акциясы аясында Көктерек ауылдық кітапханасында 2020 жылдың 10 маусымында кітапханашы Г. С. Қалмақова "Тәуелсіз елімнің бақытты балалары" атты көрме жасады. Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Жас мөлшеріне сай емес ауыр еңбекке негізінен тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Көп адамдар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырады. Еңбек тәрбиесі дегеніміз үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға араласу. Мұндай балаларға зиянсыз еңбектен келіп кетер еш қауіп жоқ. Ал оған қарсы балалар еңбегі заңсыз пайдалану , мәжбүрлеп жұмыс істету деген ұғым бар, бұл бала құқығымен санаспастын үлкендердің әлімжеттілік жасап күні-түні ауыр жұмысқа салуы немесе еңбегіне қарай ақы төлемеуі. Бала бақытты өмір сүруге, білім алуға, ойын ойнап демалуға құқылы.