Виталий Андреевич  Кравченко 1921 жылы 17 қаңтар  дүниеге келді. Ұлы Отан соғысының қатысушысы.  Забайкал әскери округінің  II Украин фронтының Степной  фронтының  құрамында  борышын өтеді.

1947 жылы  әскерден келген соң  Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтына түседі.

1953 жылдан 1956 жылға дейін Таран ауданының Темір учаскелік  ауруханасында бас дәрігер болып  жұмыс істеді.

1956-1957 жылдары Виталий Андреевич Боровской  аудандық денсаулық  сақтау  бөлімін  меңгерушісі болды.  1957 жылынан  1967 жылына  дейін Боровской орталық аудандық ауруханасында хирургия бөлімін меңгерді. Осы жылдар аралығында  8600 астам ота жасады,  оның ішінде  сол  уақытта  және  ота  жасауға болған жағдайға байланысты  сол жақ  жүрекшеге пышақ жарақаты бойынша күрделі  ота жасады.

1967-ші 1969 жылдар В.А.Кравченко Боровской аудандық тубдиспансер бас дәрігері және Боровской  мейірбике мектебінде оқытушы болып  жұмыс істеді. Қызметкерлер мен науқастарға арналған  Білім Қоғамын басқарды.   Виталий Андреевич ұжымда да, аудан тұрғындары арасында да үлкен беделге ие болды.

1973-1991 жылдары Боровской Республикалық туберкулезге қарсы санаторийінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Виталий Андреевич Кравченко – І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің, «Қызыл жұлдыз»  орденінің  кавалері, «Ерлігі үшін», «Праганы азат ету», «Будапештті азат ету», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен  марапатталған.  И.В. Сталиннің 14 алғыс хатын алған.  Өзінің  адал  еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, бесжылдық  және социалистік  жарыстардың  жеңімпаздарының  белгілерімен марапатталған.

1998 жылдың 10 маусымында Виталий Андреевич Кравченкоға «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.