Бүгінгі «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты ашық тәрбие сағатында мұсылман діні, имандылық, Аллаға құлшылық ететін жастар туралы және Ислам- басынан аяғына дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін екендігі туралы айтылды. Оқырмандар имандылыққа байланысты өз білген-түйгендерін ортаға салды. Ислам-адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы. Осы тұрғыда Зұлқарнай ұлы Мұса қажы атындағы мешіттің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы имандылық туралы біраз түсінік берді: Бүгінгі ұрпақ әлемдегі ең ізгі дін- ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып,теріс бағытқа тартуға тырысады. Осындай табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек,-деді.