Қатысушылар екі топқа бөлінді.

 1-ші топ: «Менің отбасым- асыл қазынам».

 2-ші топ: «Ардагер». 

1-ші сайыс: «Кім зерек». Екі топ та отбасына байланысты берілген сұрақтарға тең жауап

берді.

2-ші сайыс: «Мені жалғастыр». Жүргізуші мақалдың басын айтады, қатысушылар

Жалғастырулары керек. Бұл сайыста «Ардагер» тобы жеңіске жетті.

3-ші сайыс: «Жақсы сөз- жарым ырыс». Жүргізуші сөйлемді бастайды, қатысушылар

аяқтаулары керек.Осы жолы достық жеңді.

Осы сайыстан кейін 4- кезеңнен тұратын спорттық жарыс өткізілді.

1- ші кезең: «Мергендер сайысы». Қатысушылар кедергілерден өтіп, шарларды жарулары

керек.Екі топ та тапсырманы орындап шықты.

2-ші кезең: «Кім епті». Бұл жарыста ыдыстағы суды қасықпен төкпей-шашпай екінші

ыдысқа тасу керек. «Ардагер» тобы жеңіске жетті.

3-ші кезең: «Картоп егіп, жинап ал». Кім картопты көп егеді және жинайды.Екі топ та

тең түсті.

4-ші кезең: «Гир көтеру». Бұл сайыста да достық жеңді.

Соңында қонақтарға дастарқан жайылып, шәй берілді. Дастарқан басында өлең айтылды.

Іс- шара өте жақсы деңгейде өтті.