12 шілде күні, сағат 11-00-де Зұлқарнай Мұса қажы атындағы Меңдіқара аудандық мешітінің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы және мешітте дәріс алып жүрген балалар орталық аудандық кітапханаға келді.

Кітапханашы Жунусова Л.Е. балаларды «Қазақстан – 2050: Серпінділік стратегиясы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Болашақ – бұл біз» (Жастар жылына арналған ), «Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары», «Ңұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты кітап көрмелерімен таныстырды.