2019 ж ылдың 6.03., с.15-00. орталық аудандық кітапханасының өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиет секторында аналарға арналған «Ана – өмір шуағы» атты зайырлы кеш өткізілді. Кешке «Алтын ұя» клубының мүшелері және көп балалы аналар қатысты. Зайырлы кеш өте қызықты өтті. Әжелерге, аналарға арнап өнер мектебінің оқушылары Жұмабек Гүлім, Темирбекова Гүлсезім мен ұстаз Марат Өтегенов ән шырқады және үнтаспадан ана туралы әндер тыңдалды. Сұрақ-жауап және «Мақал - мәтелдердің жалғасын тап» ойыны ойнатылды. Аналар белсенді қатысты. Кешіміздің соңында аналарға арнап мерекелік дастарқан жайылды.